23.07.2015, 19:02
Оқылды: 32

Малы судан тарықпайды

Janibek mali sudan tarikpaidi   Күйгенкөлдік Талғат Есқалиев үш-төрт жылдан бері «Мұрат» шаруа қожалығына жетекшілік етіп келеді. Құрсай елді мекенінде орналасқан қожалықтың қарамағында 200-ден астам ірі қара болса, соның 109-ы аналық. Қарамағындағы малды асылдандыру бағытында  төрт асыл тұқымды бұқа сатып алып, табынға қосқан. Бүгінде ол қысқа қажетті мал азығын дайындау қамында жүр екен. Жақында аудан әкімі Мұрат Мұқаев осы елді мекенде жұмыс бабымен болған кезде Талғаттың мал суару үшін арнайы қаздырған құдығын барып көрді. Ауылдың жанындағы сайдың іргесінен қазылған құдықтың айналасы қоршалған. «Құдықты ресейлік азаматтарға 600 мың теңгеге қаздырдым. Су елу екі метр тереңдіктен мотор арқылы шығып тұр. Қарамағымдағы малды суаруға молынан жетеді. Мал үшін қай уақытта да су керек қой,- дейді қожалық жетекшісі бізбен әңгімесінде.

www.zhaikpress.kz

Асқар ҚҰСАЙЫНОВ

     Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале