4.11.2015, 15:13
Оқылды: 23

Мемлекеттік инспектор іссапармен Жалпақталда

JAlpaktal memlekettik inspetor auilda    Қазталов ауданына Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Талғат Байзатов іссапармен келіп, өлкедегі атқарылып жатқан жұмыстармен, жалпы ауданның тыныс тіршілігімен танысып қайтты.

Іссапарын Жалпақтал ауылынан бастаған мемлекеттік инспекторды аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр, Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин жай-жағдайымен таныстырды. Ең алдыменен орталық саябақты аралап, мұндағы Ұлы Отан соғысына арналған ескерткіш тақтаны, футбол алаңын көрді. Астаналық қонақ аудан басшысының бастауымен Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжінде болды. Колледж басшысы Мағауия Есмағұлов білім ошағы жайында ақпарат берді. Мұнан кейін Жалпақтал мәдениет үйінде болып, мәдениет үйінің директоры Жанат Қалиұлы М.Ғұмаров атындағы Жалпақтал халық театры, қуыршақ театрының жұмыс жасайтындығын баян етті. Сонымен қатар мемлекеттік инспекторы орталық алаңды салған жігіттердің еңбегін көріп өз ризашылығын білдірді.

Іссапар барысында облыс әкімінің орынбасары Игорь Стексов бірге болып, мемлекеттік инспектор Талғат Әбілсейітұлы Жалпақтал ауылындағы атқарылып жатқан істерді көріп, оң бағасын берді.

www.zhaikpress.kz

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ

Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале