23.06.2016, 14:16
Оқылды: 23

«Нұр Отан» партиясының Қазталов аудандық филиалының Саяси кеңес Бюросы өтті

nur otan Kaztalov    22 маусым күні Қазталов ауданының әкімі Нұрлан Бекқайырдың төрағалық етуімен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы Саяси кеңес Бюросы және аудандық мәслихат фракциясының бірлескен отырысына  аудандық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясы филиалының мүшелері, ауылдық округ әкімдері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары қатысты.


 

Кеңесте ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сергей Тоқпанов  «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша мал шаруашылығын дамытуға бөлінген қаражаттың нысаналы және тиімді пайдалануы туралы хабарлама жасады. Хабарламадан байқағанымыздай, «Агробизнес-2020» бағдарламасы бойынша Көктерек ауылдық округінің  шаруа қожалықтары қарқынды жұмыс атқарып, оң нәтиже көруде. Ал ауданымыздың Жалпақтал, Қайыңды, Болашақ, Талдықұдық округтерінің шаруа қожалықтары бұл бағдарламаны тиімді пайдалана алмай отыр. Бағдарламаның тиісті дәрежеде жүзеге асырылмауы аталмыш округ әкімдерінің түсінік жұмыстарының дұрыс жүргізбеуінен  бе, әлде шаруа қожалықтарының бұл жұмысқа салғырт қарауынан ба?

Осы қаралған мәселелер бойынша  аудан әкімі округ әкімдеріне және салалық мекеме басшыларына  тиісті тапсырмалар жүктеді.

www.zhaikpress.kz
Әсем БОЛАТ
Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале