24.05.2024, 23:00
Оқылды: 2

Тасқалада келелі жиын өтті 

Тасқала ауданына қарасты Мереке ауылдық округі әкімшілігі ғимаратының мәжіліс залында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Балыков және аудандық мешіттің бас имамы Құлтөре Сақиұлымен кездесу өтті.

жиын фото 1

Кездесуге ауыл үлкендері, қоғамдық ұйым өкілдері, мектеп мұғалімдері мен мемлекеттік және бюджеттік ұйым қызметкерлері қатысты. Кездесуді ауылдық округ әкімі М.Нарыков ашып, жүргізіп отырды. Алғаш болып сөз алған Жәрдемғали Абылғалиұлы қазіргі қоғамда орын алып жатырған келеңсіз жайттардан сақтану, олардың алдын-алу мәселелерін және аудандық-облыстық басылымдарға жазылу төңірегінде әңгіме өрбітті.

Бұдан соң сөз алған Құлтөре Сақиұлы қазіргі уақыттағы еліміздегі діни ахуал, дәстүрлі дінімізбен басқа да ағымдардың ара жігін ажырату жөнінде дәйекті пікірлерін айтты. Кездесуге қатысушылар дін тақырыбында өздерін толғандырып жүрген мәселелерін көтеріп, түрлі сауалдарын жолдады.

Назерке Шайхолла,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале