21.08.2015, 14:54
Оқылды: 23

Сырымда әлемдік нарықтағы ахуалға қатысты актив жиын өтті

Sirim alemdik nariktagi baga    Елбасы экономикалық саясаттың жүйелі шаралары жөнінде кеңес өткізіп, әлемдік нарықтағы ахуалдың нашарлауы жағдайында Қазақстан экономикасының өсімін қамтамасыз ету бағыттарын талқылауына орай аудан әкімі Абат Шыныбеков аудан активін жинады.

– Доллар бағасының өсуі, тауарлардың құны өсуіне орай аудандағы, елді мекендердегі тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында түсінік жұмыстарын жүргізуіміз қажет. Қаржы нарығында жаңа экономикалық бағытқа бет алммыз. Қазақстан – әлемдік қауымдастықтың мүшесі. Сондықтан Қазақстан әлемде болып жатқан қаржылық дағдарыстардан немесе реформалардан тыс қалмайды. Жергілікті атқарушы орган ретіндегі мақсатымыз – осы жағдайға байланысты ауданда түсінік жұмыстарын жүргізіп, ұйымдастыру шараларын алуымыз қажет,- деді аудан басшысы.

Аудан әкімдігі жанындағы дағдарысқа қарсы штаб бағаның негізсіз өспеуін қадағалап, мониторинг жасайды. Халық тұтынатын негізгі тауарлардың бағасын негізсіз өсуіне қарсы тұрады. А.Шыныбеков штаб жетекшісі, аудан әкімінің орынбасары Т.Төреғалиевке таңертең және кеште бағаның өсімін анықтауды тапсырды. А.Сарқұловқа барлық әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар көмексіз қалдырмауды міндеттеді.

Барлық әлеуметтік төлемдер, еңбекақы, жәрдемақы уақытылы төленетін болады. Сәйкесінше, мемлекеттік коммуналдық төлемдерді тұрғындар уақытылы төлеп тұруы тиіс. Жұмыс орындарын сақтауға қатысты жұмыс берушілермен 3 жақты меморандумға қол қойылса, бүгінгі жағдайда жұмыс берушілер негізсіз жұмыстан қысқартып немесе еңбекақыны кешіктірмеуі назарда болады. Дебеторлық, кредиторлық  берешек мәселелер болдырмауды тапсырды аудан басшысы.

Сонымен қатар, А.Шыныбеков қысқа дайындық, бюджеттік түсімдерді реттеп, әкімшілік айыппұлдарды қайтару мәселелеріне тоқталды

www.zhaikpress.kz

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале