6.09.2016, 11:34
Оқылды: 37

Қаратөбеде әлеуметтік медициналық сақтандыру жайы түсіндірілді

Әлеуметтік медициналық сақтандыру жайы түсіндірілді  Қаратөбе аудандық орталық ауруханасында ұжым қызметкерлеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жөнінде семинар-кеңес оздырылды.


 Кеңесте міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізудің алғышарттары, мақсаттары, қағидалары және жұмыс жасау схемасы түсіндірілді.

 Медициналық сақтандыру қоры 2017 жылдың 1 қаңтарынан жұмыс істей бастайды. Сақтандыру пакетіне амбулаторлық-емханалық көмек, стационарлық көмек (әлеуметтік маңызды ауруларды есептемегенде), стационарлық көмекті алмастыратын көмек, қалпына келтіру емдік шаралары, медициналық реабилитация, паллиативтік көмек және мейірбикелік қарау мен жоғарғы технологиялық көмектер кіреді.

  Аталмыш пакетті алу құқығы жарнасы төленген ел азаматтарына және ел аумағында тұрақты өмір сүретін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға беріледі. Бұл ретте, мемлекет экономикалық белсенділігі төмен халық үшін жарна төлейді.

  Ал жұмыс берушілер – жалдамалы жұмысшылары үшін, қызметкерлер мен салық органдарында тіркелген өзін-өзі қамтыған азаматтар өздері үшін жарна аударады.

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА

Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале