3.05.2016, 10:58
Оқылды: 30

Әлемге даңқы шыққан елім менің!

????????????????????????????????????

   Қазақстан халқының бірлігі мерекесі Ақжайық ауданында Отанға, ұйысқан халқымызға, еселі еңбекке деген мақтаныш ахуалында өтті.

    Мереке арайлап атқан ақ таңмен бірге аудан орталығының басты алаңында сан-алуан ұлттың ән-жыры әуелеумен басталды. Жиналғандарды мамырдың мәртебелі күнімен құттықтаған аудан әкімі Әділ Жоламанов 21 ұлт өкілі тату-тәтті тұрып, еңбек еткен Ақжайықтың тынысындағы оң өзгерістер бірліктің, байтақ еліміздің бүкіл беталысына ортақ мүдделіліктің нәтижесі екенін атап көрсетті.


     Әкім сосын ақжайықтықтардың келешекке сенімінің, ілгері істерінің дәлелі ретінде еңбегі елеулі, халқына қалаулы жандарды қошеметтеді. Ол «Оқас» шаруа қожалығының жетекшісі Талғат Уәлиев, «Радуга» славян мәдени орталығының белсенділері Борис Хорошкин, Людмила Акутина, V облыстық «Қадыр оқуларының» жеңімпазы, М.Өтемісов атындағы БҚМУ студенті Әнуар Аманжолов, «Дарын» бишілер тобының жетекшісі Гүлден Оңғарова және Чапаев №1 орта мектебінің мұғалімі Айнұр Нәбиденоваға Алғыс хаттар, ұстаз Мәлік Бердәлиевке «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ Творчестволық бірлестігінің «Ыбырай Алтынсарин» медалін тапсырды.

     Осы алаңнан Тәуелсіздігіміздің ширекғасырлық датасы құрметіне туризм және экология орталығының 25 шәкірті 35 километр Чапаев – Мерген веложорығын бастады. Көптеген спорттық сайыстар ұйымдастырылды.

www.zhaikpress.kz

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале