Облыс басшысы Алтай Көлгінов көршілес Ақтөбе облысындағы лаңкестер жасаған қылмыстық әрекеттер жайында және біздің өңірдегі қазіргі жағдай туралы БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.
-Көршілес аймақтағы келеңсіз жағдайлардың орын алғанын естіп-біліп жатқан шығарсыздар. Біздің өңірдегі жағдай бірқалыпты, тұрақты. Бүгін аудан әкімдерімен, құқық қорғау органдар басшыларымен бас қосып, тиісті сақтық іс-шараларын қабылдап, бірқатар тапсырмалар бердік. Сонымен қатар Ақтөбе қаласындағы әскери бөлімшеге лаңкестер жасаған қылмыстық әрекет кезінде ерлікпен қаза тапқан жерлесіміздің денесін тума-туыстарымен бірге әуежайдан күтіп алып, туған жері Жәнібек ауданына аттандырдық. Өмірден өткен жерлесіміздің артында қалған төрт баласына, тума-туыстарына облыс басшылығы атынан барынша көмек қолын созатын боламыз. Белгіленген тәртіп бойынша марқұмның соңғы қызмет атқарған орнынан бес жылдық еңбекақысы да төленуі тиіс. Жағдайды жіті қадағалауда ұстаймыз, - деді облыс әкімі Алтай Көлгінов.
Өз тілшіміз