24.09.2019, 21:29
Оқылды: 277

«Батыс су арнасы» қызметіне талдау жасалды

Бұл жайлы өңір басшысы Ғали Есқалиев облыстық газеттердің бас редакторларына берген сұхбатында айтып өтті.

IMG-20190924-WA0181-800x625

-Биылдың өзінде облыс орталығының тұрғындары бірнеше рет сусыз және электр жарығынсыз қалды. Табиғи монополия субъектілерінің қызмет сапасын арттыруға қатысты қандай  жоба-жоспарлары бар?

– Иә, стратегиялық маңызы зор кәсіпорындар, монополия субъектілеріне қатысты күрделі мәселелер баршылық. Кәріз жүйелерінің аяқасты сыр беруі, «Батыс Қазақстан ЭЖТК» АҚ-ның қатты желдің зардап-салдарын жедел жоюға дайын еместігі, ЖЭО-ның газға берешегіне қатысты қалыптасып отырған жағдай коммуналдық қызметтер саласының негізгі қорын техникалық-технологиялық тұрғыдан едәуір жаңғырту қажеттігін көрсетеді. Тәуелсіздік жылдары «Жайықжылуқуат» АҚ 25 МВТ-тық газтурбиналы жабдықты ғана орнатты.
Шын мәніне келгенде, электр және жылу магистральдары бойынша шығынға ұшыраудамыз. Жылу-электр орталығының пайдалы әрекет коэффициенті төмен деңгейде. «Батыс су арнасының» жабдықтары түгелдей ескірген.
Ел үкіметінің көмегіне сүйенбей-ақ, ЖЭО-ның шығын мөлшеріне талдау жасадық және 2 жылда өз шығынын өзі ақтай алуына қатысты жоспар жасақтадық. «Батыс су арнасы» қызметіне қатысты да талдау жасалды. Суды үнемдеу бойынша жұмысты күшейту қажет. Оған тұтыну тарифін мөлшерден (нормадан) жоғары саралау арқылы да қол жеткізуге болады. Тұщы судың балама көздерін іздеу өте өзекті. Өйткені Жайық өзенінің экологиялық ахуалын болжау мүмкін емес. Биыл өзен деңгейінің төмендеуіне байланысты қаланың жартысы сусыз қалды. Кәсіпорын бұрын жеке компанияға сенімгерлік басқаруға берілді. Оған наразы емеспіз. Тиімді менеджменттің арқасында жұмысшылардың жалақысы жоғарылап, жыл сайынғы шығындар азайды. Бірақ тарифтер арқылы құнын өтеу тиімсіз саналатын қомақты инвестициялар тарту қажет болғандықтан, кәсіпорынды қала әкімдігіне қайтаруға келісімге келдік. Енді кәсіпорынды жаңғырту жоспарын дайындауға кірістік. «Батыс Қазақстан ЭЖТК» АҚ-ны жеке компания  басқарады. Сондықтан кәсіпорынды модернизациялау жоспары ҚР Энергетика министрлігі деңгейінде қарастырылуы керек,- деді облыс әкімі Ғали Есқалиев.

Сұхбаттасқан Бауыржан Ғұбайдуллин

Сурет 2gis.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале