9.08.2022, 14:31
Оқылды: 207

124 түлек білім беру гранттарын алмақ

Батыс Қазақстан облысы мектептерінің 124 түлегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары оқу орындарында оқу үшін білім беру гранттарын алады.

3

Фото: old.aqmeshit-zhastary.kz

Облыс әкімдігі жанындағы 2022-2023 оқу жылына арналған гранттарды бөлу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы 2022 жылдың 8 шілдесінде өтті. Білім басқармасы облыстық басқармалардың қажетті мамандарды даярлау үшін білім гранттарын бөлу жөніндегі ұсыныстарын айтты.

2022-2023 оқу жылына облыстық бюджет қаражаты есебінен жоғары білімді мамандар даярлауға 124 грант берілетін болады.

ЖАО білім беру гранттары оқуға түсушілер мәлімдеген білім беру бағдарламалары топтарының кезектілігіне сәйкес ҰБТ немесе КТ сертификаттарының балдарына сәйкес білім беру бағдарламаларының топтары бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларға өңірдің қажеттілігін ескере отырып, білім беру грантын беру туралы куәлік бере отырып, конкурстық негізде беріледі. ЖАО білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін оқуға түсуші жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясына 2022 жылғы 10-15 тамыз аралығында өтініш береді.

Облыста денсаулық сақтау, білім беру, дін және басқа да салалардың қызметкерлеріне жоғары сұраныс байқалады.

БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале