ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 7-9 қазан аралығында елімізде ауыл мектептері оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың екінші, аудандық кезеңі өтуде.

Фото: oqu_agartu
Оған бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша іріктелген 9-11 (12)-сыныптардың 70 мыңнан астам оқушысы қатысып жатыр. Биыл байқаудың алғашқы кезеңіне 135 мың оқушы тіркеліп, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда шамамен 10 мыңға көп болғаны байқалды.
Жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 13 пәнді қамтитын зияткерлік сайыстың аудандық кезеңінде жеңіске жеткендер 26-31 қазан күндеті өтетін облыстық кезеңге жолдама алады.