18.10.2021, 12:38
Оқылды: 94

АҚШ Қазақстанға COVID-19-бен күресуге 2,4 млн. доллар бөледі

Бүгін АҚШ үкіметі АҚШ халықаралық даму жөніндегі агенттігі (USAID) арқылы Қазақстанға COVID-19 індетіне қарсы күресте көмек көрсету мақсатымен 2,4 миллион АҚШ долларын бөлу туралы жариялады.

3af1a790992f163843e82aaab736ad9c

Бұл көмек нақты деректер негізінде вакциналарды енгізу бойынша шешімдер қабылдауға, вакциналар туралы жалған ақпаратқа ден қою бойынша жергілікті әлеуетті дамытуға, COVID-19 нақтылауды жүзеге асыру үшін зертханалық жүйелерді жетілдіруге, сондай-ақ, Қазақстанның вакциналарды пайдалануға дайындығын арттыруға және оларды жеткізу процедураларын жетілдіруге ықпал ететін болады.

Сонымен қатар бұл көмек пандемия басталғаннан бері COVID-19 індетіне қарсы күрес бағдарламасы шеңберінде Қазақстанға жіберілген 6,8 миллион АҚШ долларынан астам мөлшердегі қаржыландыруды толықтырады. Бүгінде USAID 5000 астам медицина қызметкеріне COVID-19 індетіне байланысты тақырыптар бойынша, соның ішінде аурудың алдын-алу және бақылау, сонымен қатар биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету принциптері бойынша оқытуды ұйымдастырды. Өз қызметінде USAID халықтың хабардарлығын арттыру және жалған ақпаратпен күресу үшін белсенді топтарды жұмылдыру арқылы 8,2 миллионнан астам адамды қамтыды, - делінген АҚШ елшілігінің баспасөз хабарламасында.

Соңғы 60 жыл ішінде USAID миллиондаған адамның өмірін Эбола, АИТВ/ЖИТС, туберкулез, безгек және қазір COVID-19 сияқты аурулардан құтқаруға көмектесті.

Аурулар шекараны еңсермейді. АҚШ Қазақстанмен бірлесе отырып COVID-19 пандемиясын тоқтату, оның жойқын әлеуметтік және экономикалық салдарын жеңілдету және болашақта аурудың өршуіне қарсы тұра алатын дайын әлем құру үшін ынтымақтасуға міндеттенеді.

Биыл АҚШ өкілдігі Қазақстан үкіметімен ынтымақтастықтың 30 жылдығын атап өтуде. Екі онжылдықтан астам уақыт барысында АҚШ Қазақстанға 2 миллиард доллар, соның ішінде туберкулез бен АИТВ/ЖИТС алдын алу және емдеу сияқты салалардағы денсаулық сақтау бағдарламаларын қолдауға 92,8 миллион доллардан астам қаражат бөлді.

BAQ.KZ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале