20.06.2019, 22:02
Оқылды: 73

Балалар қауіпсіздігі басты назарда

Бүгін «Атамекен» жазғы лагерінің базасында Орал қаласы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетовтің төрағалық етуімен қала әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның көшпелі отырысы өтті.

atameken (4)

«Назар аударыңыз: демалыс!» акциясының ашылу салтанатымен және балалардың қатысуымен ұйымдастырылған концерттік бағдарламадан соң бастау алған жиынға Орал қаласы әкімдігінің бөлімдері мен құрылымдық басшылары, қоғамдық ұйымдардың төрағалары, қалалық полиция бөлімінің басшылығы қатысты.

atameken (1)

Комиссия отырысы барысында Бақытжан Нарымбетов ортақ талқылауға шығарылған мәселелердің шешімін табуы тиісті ведомствоаралық өзара іс-қимылға, алдын алу жүйесінің барлық құрылымдары мен мекемелер іс-қимылдарының дәйектілігі мен келісімділігіне тікелей байланысты екендігін атап өтті.

atameken (6)

«Біздің міндетіміз – балалардың толыққанды демалысын ұйымдастыру, кәмелетке толмағандар арасында орын алуы мүмкін құқықбұзушылықтардың және оларға қарсы жасалуы мүмкін қылмыстың алдын алу үшін барлық қолда бар ресурсты тиімді пайдалану. Көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар мен «тәуекел тобындағы» балалардың бос уақытын ұйымдастыруға ерекше назар аудару қажет. Бұл ретте қала бойынша атқарылып жатқан жұмыстар ауқымы мол. Биыл 1500 оқушы, яғни жалпы балалар санының 82 пайызы жазғы демалыс лагерімен қамтылса, олардың ішінде 400-ден астамы аз қамтылған балалар санатынан, 230-ы – үлгілі білімі мен тәртібі және таланты арқылы топ жарып жүрген мектеп мақтаныштары», - деп атап өтті Бақытжан Хаберұлы.

atameken (7)
Комиссия отырысы соңында қала әкімдігінің тиісті бөлімдерінің басшыларына бірқатар маңызды тапсырмал жүктелді.

Аяужан Кереева,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале