30.05.2024, 16:00
Оқылды: 21

Меморандум өңір тұрғындарына қандай мүмкіндік береді?

ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой мен Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

WhatsApp Image 2024-05-30 at 10.17.41

БҚО әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, келісім «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының күндері» шеңберінде іске асырылды.

Мақсаты - өңір тұрғындарына дәрігерлердің кеңесін, санаторий-курорттық емдеу және медициналық оңалту қызметтерін алуға мүмкіндік беру.

IMG_20240530_160134_066

Сондай-ақ екіжақты құжаттың нәтижесінде өңірдің медициналық мекемелерінің қызметкерлерін инновациялық технологияларға оқыту, аурулардың алдын алу, диагностика, емдеу және оңалту саласында тәжірибе алмасу туралы уағдаластыққа қол жеткізеді.

ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой Батыс Қазақстан облысының әкіміне ынтымақтастық үшін алғысын білдіріп, Орал қаласында болған 2 күн ішінде делегация мүшелері 400-ден астам шеберлік сағат пен консультация өткізіп, 30 операция жасады, оның ішінде бірегейі - 9, 342 қатысушыны қамтитын 10 дәріс, 183 тыңдаушыны қатысқан 11 семинар мен тренинг ұйымдастырғанын атап өтті.

«Ұлт денсаулығын нығайту табысты мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев денсаулық сақтауды дамытудың басты бағытын айқындады - бұл әрбір қазақстандық үшін озық технологиялар мен әлемдік стандарттардың деңгейінде сапалы медициналық қамтудың қолжетімділігі. Биыл Мемлекет басшысының тапсырмаларын және Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығын дамыту тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Қазақстанның барлық өңірлерінде «Медициналық орталықтың күндері» өтті. Бүгін біз Батыс Қазақстан облысының әкімдігімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық. Бұл тиімді диалогты дамытудағы және серіктестікті нығайтудағы маңызды кезең екеніне сенімдімін. Бұл біздің азаматтарымыздың денсаулығы үшін әлеуетті көрсету, ғылыми-практикалық байланыстардың көкжиегін кеңейту мүмкіндігі», - деп бөлісті А. Цой.

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев облыс тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсеткені үшін ҚР ПІБ Медициналық орталығына алғысын білдірді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале