30.05.2024, 17:47
Оқылды:

Мемлекеттік қызметте абыройлы қызмет атқарып келеді

 

Адалдықты, білімді бойына сіңірген, қызметте қол ұшын беруден аянбайтын жандардың бірі – Нұрхайыр Кусаенов. Ол 1973 жылы Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Бисен ауылында дүниеге келген. 1999 жылы Батыс Қазақстан аграрлық университетін «ветеринария» мамандығы бойынша тәмамдаған соң, еңбек жолын сол жылы Орда ауданы Бисен ауылының шаруа қожалығында мал дәрігері болып бастаған. Көп жылдан бері ветеринария саласына сүбелі үлес қосып, сонымен қатар мемлекеттік қызметте абыройлы қызмет атқарып келеді.

d578c524-4d08-4a1e-a7ad-70972f4b316b

2001-2003 жылдары ҚР ІІМ БҚО ішкі істер департаментінің Бөкей ордасы аудандық ішкі істер бөлімі учаскелік полиция инспекторының көмекшісі, 2003-2004 жылдары Бөкей ордасы аудандық мал дәрігерлік станциясының мал дәрігері, 2005-2020 жылдары Бисен ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, одан кейін ауданда ұйымдастыру-бақылау және персоналды басқару, ветеринария бөлімдерін басқарып, күні бүгінге дейін басқармада бірдейлендіру, ветеринарлық-санитарлық іс-шаралар және төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы қызметін абыроймен атқарып келеді.

Қызметіне үлкен жауапкершілікпен қарап қызметтік міндеттеріне сай облыс деңгейінде ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру, ветеринария мәселелері бойынша жергілікті ветеринариялық ұйымдар мамандары мен тұрғындар арасында ағарту жұмысын белсенді атқарып, тиімді нәтижеге жету үшін бар күш-жігерін салып үлкен жұмыст атқарды. Ол Бөкей ордасы ауданында ветеринария саласында қызмет атқарған жылдарда аумақтағы ауыл шаруашылығы жануарларының бруцеллез ауруының көрсеткішін төмендетуге қол жеткізді. Жануарлардың басқа да аса қауіпті ауруларының алдын алу іс-шараларын жоғары деңгейде ұйымдастыра білді.

Қызметтік міндеттерін орындау барысында ұйымдастыру қабілеттілігін, теориялық және тәжірибесі мол білікті басшы ретінде өзін көрсете білді. Міндеттер мен өзіне жүктелген өкілеттіктердің орындалуын ыждағаттылық және табандылықпен ұйымдастырып отырады. Қызметкерлердің мүддесін қорғап, еңбек заңнамасын сақтау жұмысын жүргізіп, қоғамдық жұмысты белсенділікпен атқарып келеді.

Нұрхайыр Ғайноллаұлы ветеринария саласындағы тәжірибесімен бөлісіп, саладағы барлық маманға және басқармадағы жас мамандарға көмектесіп, кәсіби шеберлігімен үлгі болып келеді.

Ол - әділдік пен қарапайымдылық үлгісі. Ұжымда беделді, еңбекқор жандардың бірі.

Нұрхайыр Ғайноллаұлы – облыстық деңгейде ветеринария қызметкерлерінің алдында сыйлы. Басшылық тарапынан бірнеше рет алғысхат алған.

А.Бралиев,

БҚО ветеринария басқарма

басшысының орынбасары

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале