«Атамекен» өнер ордасында Тұңғыш Президент күніне орай концерт өтті
30 Қараша 2021

«Атамекен» өнер ордасында Тұңғыш Президент күніне орай концерт өтті

БҚО-да 620 адам ревакцинациядан өтті
30 Қараша 2021

БҚО-да 620 адам ревакцинациядан өтті

Теректі ауданында Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік шара өтті
30 Қараша 2021

Теректі ауданында Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік шара өтті

Қазақстанда ірі және ұсақ малды, картоп пен сәбізді экспорттауға тыйым салынды
30 Қараша 2021

Қазақстанда ірі және ұсақ малды, картоп пен сәбізді экспорттауға тыйым салынды

«Тәуелсіздік – ел тілегі, ал Елбасы – ел тірегі»
30 Қараша 2021

«Тәуелсіздік – ел тілегі, ал Елбасы – ел тірегі»

Елімізде 62 мыңнан астам бала вакцина алды
30 Қараша 2021

Елімізде 62 мыңнан астам бала вакцина алды

Батыс Қазақстанда 12 сынып карантинге жабылды

Батыс Қазақстан облысында 1 қазаннан бері 120 оқушыдан коронавирус анықталды.

14

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім еткеніндей, сондай-ақ осы мерзімде 23 мұғалімнің індет жұқтырғаны тіркелді.

Облыс бойынша 10 мектепте 12 сынып оқушылары мен мұғалімдерін үй карантиніне көшіру туралы 10 қаулы шығарылды.

Оған қоса осы айда орта арнаулы оқу орындарында 3, ЖОО-да 8 студенттің ауырғаны белгілі болды. Күн сайын педагогтар мен оқушылар, студенттер мен қызметкерлер арасында мониторинг жүргізілуде.

Департамент мәліметіне қарағанда, 1 қазаннан бері өңірде 701 науқас тіркелді. Соның ішінде 59 пайызы (406) ЖРВИ белгілерімен тексерілсе, 26 пайызы (186) бұрын ауырғандармен қарым-қатынаста болған. 14 пайызынан (102) профилактикалық мақсатта, 1 пайызынан (7) стационарға жатқызар алдында сынама алынған. Жас ерекшеліктері бойынша 116-сы – 14 жасқа дейінгілер, 45-і – 15-17, 34-і – 18-25, 146-сы – 26-40, 192-сі – 41-60 жас аралығындағылар, 168-і – алпыстан асқандар. КВИ 41-60 жастағылар арасында көбірек ұшырасып отыр.

Жыл басынан бері Батыс Қазақстанда 28 952 адамнан коронавирус табылды, бұл 100 мың тұрғынға шаққанда, 4383,1-ден келеді. Соңғы аптада (7-13 қазан – 363) алдыңғымен (30 қыркүйек – 6 қазан – 395) салыстырғанда, індет жұқтыру көрсеткіші 8,1 пайызға төмендеді. Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да созылмалы сырқаты барлардың вакцинацияға жиі келе бастағанын жазған болатынбыз.

Дереккөз:  ҚазАқпарат

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале