11.02.2021, 21:56
Оқылды: 223

Батысқазақстандық қаламгерді мерейтойымен құттықтады

Бүгін Қазақстан Жазушылар одағы Батыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Бауыржан Халиолла өңірге танымал ақын, аудармашы Нұрлан Сәдірді 50 жасқа толу мерейтойымен құттықтады.

нур1

Бас қосуда филиал басшысы Бауыржан Ергенұлы ақынның өңір әдебиеті менн мәдениетіне қосқан зор үлесіне алғысын білдіріп, ізгі тілегін арнады. Мерейтой иесіне одақ филиалы атынан құттықтау хат ұсынып, шапан жауып, естелік сыйлық табыстады.

- Өңір әдебиетінің дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқан Нұрлан Қуанышұлы 12 ақпан күні 50 жасқа толады. Әсіресе, драма жанрында қалам тербеп келе жатқан қаламгердің "Аялап өтем"," Қаламгер", "Ақжігіт асулары" атты шығармалары еліміздің басты театрларында сахналанып жүр.

нур 2

Ал "Оралбек батыр"," Әке өнегесі" кітаптарын оқырмандар жылы қабылдайды, - дейді Қадыр Мырза Әли атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығының әкімгері, жас ақын Бекболат Қаленов.

Бас қосуда сөз алған қаламгер Нұрлан Сәдір мерейтойына орай құрмет көрсеткен Қазақстан Жазушылар одағы БҚО филиалы басшылығына алғысын білдіріп, одақ филиалымен үнемі шығармашылық байланыста болатындығын жеткізді.

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале