30.09.2026, 9:45
Оқылды: 11

Батысқазақстандық спортшы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

Румыния астанасы – Бухаресте тоғызқұмалақтан VIII әлем чемпионаты өтті. Ұлттық зияткерлік ойынымызды  ұлықтаған дүбірлі додаға әлемнің 14 елінен  80-нен  астам  спортшы қатысты.

4b6f01ed-f090-4ed7-89c3-493333815d4f

Байрақты бәсекеде ел намысын қорғаған өңір спортшысы Әсет Қайыржанов үшінші орынға ие болды. Бұл – өңірдегі тоғызқұмалақ мектебінің әлеуетін танытқан маңызды нәтиже. Ұлттық ойынымыздың халықаралық аренадағы беделі артып, батысқазақстандық спортшының әлем шемпионатында жүлдеге қол жеткізуі – зор жетістік.

Айта кетейік, Әсет бұған дейін әлем шемпионатында екі мәрте жеңіске жетті.

Түгелбай Бисен,

«Орал өңірі»

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале