16.11.2020, 21:22
Оқылды: 144

Батысқазақстандық жас айтыскер жүлделі орын алды

Мәдениет пен руханияттың ордасы Алматы қаласында қазақтың бас ақыны Абайдың 175 жылдығына және қазақтың маңдайына біткен айтыскер ақын, орақ тілді Оразалы Досбосыновтың 45 жылдығына орай жетекші жоғары оқу орындарының жас ақындары арасында «Ақынмын сөзі жетер сан ғасырға...» атты студенттер айтысы өтті.

 дан 1

Бес жұп өнер көрсеткен студенттер айтысына елімізге танымал тұлғалар Жүрсін Ерман, Темірхан Тебегенов, Жанарбек Әшім, Серік Қалиев, Мүсірәлі Дүйсен төрелік етті.

Айтыс қорытындысында жерлесіміз, Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының тумасы, Ақ Жайық өңіріне танымал жас айтыскер ақын, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің ІV курс студенті Данияр Нысанғалиев жүлделі ІІІ орынға ие болды.

дан 2

Онлайн форматында өткен айтыста Данияр ақтөбелік айтыскер ақын Нұрбол Жауынбаевпен жұп құрап, жарасымды айтыс өрнегін көрсеткен.

 

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале