10.07.2023, 16:41
Оқылды: 418

Бес қабатты торт: Айнұр Тұрсынбаева немересінің бесік тойын дүркіретіп өткізді

Танымал айтыскер-ақын Айнұр Тұрсынбаева немересінің бесік тойын дүркіретіп өткізді,  деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

68f6150a-448d-46c1-8ec6-c6087bf31988

Фото: instagram.com/aidyn_nury

Қуанышты сәттерді өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Бесік той Алматыдағы "Светлана" мейрамханасынада өтті. Алайда өнерпаздың бала-шағасы Ыстамбұлда қалған. Айнұр Тұрсынбаеваның келінінің айтуынша, олар Әлемнің (немересінің есімі - еск.) туу туралы куәлігін күтіп отыр.

Айнұр Тұрсынбаеваның айтуынша, келген қонақтарға дресс-код жасыл түсте болатыны айтылған. Тіпті тойбастар да жасыл түсте болды.

"Әр тойдың дресс-коды болу қазір трендте. Біз де қалмадық. Тойдың түсі - көріп тұрғандарыңыздай, жасыл!" - деді ол.

Бұдан басқа, Айнұр Тұрсынбаеваның қуанышын бөлісіп, тойға келген жұлдыздар қатарында Мақпал Жүнісова, Тамара Асар, Жазира Байырбекова, Роза Әлқожа мен Алтынай Жорабаева бар.

Олар өнер иесінің немересіне ән арнап, құттықтады. Сондай-ақ, ақын құдалары мен достарының видеосын бөлісті.

Айнұр Тұрсынбаева тұңғыш немересіне арнап 5 қабатты тортқа тапсырыс берген.

Еске салайық, бұған дейін Айнұр Тұрсынбаева немересін перзентханадан шығарып алу рәсімін ерекше ұйымдастырғаны хабарланған еді.

Өнер иесінің келіні Мәдина енесінің бәрін ойластырып қойғанына алғыс білдірген.

"Құттықтап жатқандарға рақмет. Кеше үйге келдік. Үй әдемі гүл шоқтарымен толықты. Анам безендірудің әр бөлігін ойластырып қойған. Кәмпитке дейін", - деп жазды айтыскердің келіні.

С. Бөлек,

massaget.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале