24.09.2019, 18:21
Оқылды: 253

Биыл БҚО-да 9 ата-ана ата-аналық құқығынан айырылды

БҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы басшысының орынбасары Әлібек Құсайынов 2019 жылдың 8 айы бойынша ішкі істер құрылымдары ювенальды полиция бөлімшелерінің есебіне 910 адам, соның ішінде 262 қолайсыз отбасыдан 474 кәмелетке толмаған бала және құқыққа қайшы бағыттағы және тәртібі қиын санаттан 174 бала тіркелгендігін айтады.

sud

Осы уақыт аралығында 90 қолайсыз отбасы ішкі істер құрылымдарының арнайы есебінен алынып тасталды. Биыл сот шешімі негізінде 9 ата-ана ата-аналық құқығынан айырылды. Отбасы тыныштығы мен балалар қауіпсіздігін сақтау бағытында облыс бойынша 48 мектеп инспекторы жұмыстануда. Олардың 42-сі Орал, үшеуі Ақсай қаласында болса, Ақжайық және Бәйтерек аудандарында бір-бірден мектеп инспекторы бар.

«Nur Otan» партиясы жанынан құрылған Балалар құқығын қорғау бойынша республикалық кеңес төрағасының орынбасары Динара Зәкиева республикалық жұмыс тобы Орал қаласы мен бес аудандағы әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру саласындағы көптеген нысанды аралайтындығын хабарлады. Аталмыш рейд барысында отбасындағы және балаларға қатысты зорлық-зомбылық фактілерін жасырын хабарлауға арналған 111 бірыңғай желі нөмірі туралы плакаттың ілінуіне басты назар аударылады. Осындай ақпараттық материалдар ілініп үлгерген облыстарда зорлық-зомбылық туралы хабарлау саны төрт есе, суицид бойынша қоңырау шалушылар саны үш есеге өскен.

Аяужан Кереева

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале