28.09.2022, 9:15
Оқылды: 6

БҚО ауруханасына 3 ресейлік маман жұмысқа орналасып жатыр

БҚО жұқпалы аурулар ауруханасына ресейлік мамандар орналасып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

220511174937509e

Аурухана директоры Надия Ахметованың айтуынша, аталмыш емдеу мекемесіне ресейлік үш маман жұмысқа тұрмақшы.

Оның сөзіне қарағанда, ауруханаға қажетті мамандарды Telegram желісіндегі «Релокация медиков в Казахстан» деген топтан тапқан.

«Әзірге Қазақстанға келген екі дәрігер құжаттарын жинап, реттеп жатыр. Олардың біреуі эндоскопист болса, екіншісі – инфекционист. Үшіншісі – бактериолог. Ол әлі шекарада тұр. Біз оларға толық кеңес берудеміз. Дәрігерлер әуелі көші-қон полициясында тіркелуі керек. Әріптестеріміз құрған еріктілер тобы тұрғын үй мәселесін шешуге жәрдемдеседі. Барлық құжаттары рәсімделгеннен кейін заңды негізде жұмысқа аламыз», деді Н.Ахметова.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, өңірде 271 дәрігер жетіспейді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 113 түлектің әкімдік грантының иегері атанғанын жазған болатынбыз.

Соның ішінде 56 грант дәрігерлік мамандықты таңдаған жастарға берілді.

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале