Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының прокуратурасы «Жәнібек аудандық демалыс орталығы» МКҚК қызметкерлерінің еңбек және әлеуметтік құқықтарының бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасы.

Фото: zhaikpress.kz
Міндетті төлемдердің уақтылы аударылмауы салдарынан әлеуметтік медициналық сақтандыру мен зейнетақы жарналары бойынша 5,7 миллион теңгеден астам, сондай-ақ жеке табыс салығы бойынша қарыз қалыптасқан.
Прокурорлық қадағалау актісі негізінде жинақталған берешек толық өтеліп, ұжым қызметкерлерінің бұзылған құқықтары қалпына келтірілді. Жол берілген заңбұзушылықтар үшін аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы, демалыс орталығының директоры және мекеменің бас бухгалтері тәртіптік жауаптылыққа тартылды.