29.06.2019, 15:29
Оқылды: 2

БҚО-да «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында 95-ші пәтер берілді

Былтыр бас мүфтидің ұсынысымен елімізде «Ел үлесі пәтерге» қайырымдылық акциясы басталды. Мақсат – мұқтаж отбасыларға баспана алып беру.

20190629_150216

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Зекет» қорының «Ел үлесі - пәтерге» жобасы аясында өңірдегі екінші баспана Бөрлі ауданының аз қамтылған отбасына табысталды.

20190629_150250
-Ақсай қаласы мешітінің ұжымы және жамағатының қолдауымен мешіттерде жиналған қаражаттың арқасында жалғыз басты анаға Кеңтүбек ауылынан үй алып бердік. Сауапты іске Бөрлі ауданының мешітінің жамағаты белсенді түрде атсалысты. Бізді қолдаған барша жамағатқа Алғыс білдіргіміз келеді. Бүгінгі қуаныш иесін жаңа баспанасымен шын жүректен құттықтаймыз,- деді үйдің кілтін берген БҚО-ның өкіл имамы Еркебұлан Қарақұлов.

IMG-20190628-WA0144

Жомарт жандардың жәрдемінің арқасында жанұяға баспанамен қоса қысқатолқынды пеш, шаңсорғыш және тағы басқа тұрмыстық қажетті жабдықтар табысталды. Алдағы уақытта аудандық мешіт ұжымы жамағатпен бірігіп, жиһаз алып бермекші.

Айта кетейік, бұған дейін осы жоба аясында жаңа баспана Сырым ауданындағы отбасыға алып берілді. Бұл республика бойынша берілген 95-інші пәтер.

20190629_150401

Үміт Жәңгірова,

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале