10.12.2019, 17:26
Оқылды: 211

БҚО-да газ дайындайтын кешен іске қосылды

Бүгін Чинарев мұнайгаз конденсат кен орнында «Жайықмұнай» ЖШС-ның соңғы үлгідегі №3 газды кешенді дайындау қондырғысы (№3ГКДҚ) іске қосылды. Кен орнына облыс әкімі Ғали Есқалиев барды.

akim baiterek (1)

Компанияның №3 газды кешенді дайындау қондырғысының жобасы автоматтандырылған үлгіде жұмыс істейді. Кешен ауыр көмірсутектерді айырудың тиімділігін арттыру үшін заманауи және алдыңғы қатарлы технологиялармен жабдықталған. Қуаты жылына 2,7 млрд текше метр болатын №3 ГКДҚ-дантабиғи газ, техникалық пропан, сұйытылған көмірсутекті газ және тұрақты газ конденсаты алынады.

akim baiterek (4)

- Кай-Уве Кессель мырза, ең алдымен сіздің үлкен ұжымды №3 газды кешенді дайындау қондырғысының іске қосылуымен құттықтаймын. Кешеннің біздің аймақ үшін мыңызы зор. Өйткені «Жайықмұнай» компаниясы өңірдегі ең ірі салық төлеушілердің бірі саналады. Бұл жоба өндірістік қуатына көшкен кезде, салық мөлшері, мұнай қоры, жергілікті және мемлекеттік бюджет екі есеге артады. Ал бұл өңір мен мемлекет үшін үлкен қолдау болмақ. Қазір компания мұнай мен мемлекеттік бюджетке жылына 10-12 млрд. теңге тапсырады. Бұл жерде 200-ге жуық жұмыс орны ашылды. Сондықтан да бұл кешеннің құрылысында жергілікті компаниялардың жұмыс істеуінің маңызды зор болды. Бұл қондырғы еліміздегі ең үлкен мейрам – Тәуелсіздік күні қарсаңында ашылып отыр. Еліміздің тәуелсіздігі бізге осындай кешендер  салып, онда қазақстандық, батысқазақстандық компаниялардың жұмыс істеуіне мүмкіндік берді. Қазір осы мұнай кешенінде оқып, үйренген жігіттердің күрделі құрылғылар арқылы өндіріс барысын бақылап отыруының өзі біздің еліміз үшін үлкен жетістік деп білемін. Компанияның аз уақтта жобалық қуатына қол жеткізіп, жаңа жобаларда да жетістікке жетуіне тілектеспін. Сіздің он бес жылға  жуық уақыттан бері біздің облыста мұнайгаз саласында атқарып келе жатқан еңбегіңізге алғысым зор, - деді облыс әкімі Ғали Есқалиев.

akim baiterek (5)

«Жайықмұнай» ЖШС-ы 1997 жылдан бері Чинарев ГКДҚ-да жұмыс істеп келеді. Nostrum Oil & Gaz PLS компаниясының бас атқарушы директоры Кай-Уве Кессельдің айтуынша, үш кезеңнен тұратын №3 ГКДҚ құрылысы арқылы шикі газды өңдеу қуатын жылына екі есеге - 4,2 млрд текше метрге дейін арттыруға болады.

akim baiterek (6)

Ясипа Рабаева

суретке түсірген Мейірбек Тажкуранов
zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале