7.04.2021, 19:04
Оқылды: 147

БҚО-да жарты тоннаға жуық балық тиелген көлік ұсталды

Батыс Қазақстан облысында жарты тоннаға жуық балық тиеп келе жатқан автокөлік ұсталды.

331af846a7a9ea14784c74554737e03e

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға Ақжайық ауданы Чапаев ауылы маңында Орал-Атырау күре жолында болды.

«Бекіре» жедел алдын алу шарасы барысында 1986 жылғы жүргізуші айдап келе жатқан «Фольксваген Шаран» автокөлігі тоқтатылды.

Тексеріс барысында жүргізушінің тиісті құжатсыз табан балықты алып келе жатқаны анықталды. Полицейлер тәркілеген 480 кг балық «Каспий Урал» ЖШС-ына сақтауға жіберілді.

Қазіргі кезде аталған дерек бойынша ҚР ҚК 196-бабы 1-бөлігіне (көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi иемдену немесе өткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Дереккөз: inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале