11.03.2021, 18:59
Оқылды: 197

БҚО-да жас маман онлайн қабылдаудан кейін жұмысқа тұруға мүмкіндік алды

Батыс Қазақстан облысында жас маман онлайн қабылдаудан кейін жұмысқа тұруға мүмкіндік алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 жас

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында БҚО полиция департаментінің бастығы, генерал-майор Мақсұтхан Аблазимов апта сайын онлайн режимде азаматтарды қабылдайды. Жыл басынан бері департамент бастығының қабылдауында 23 тұрғын болды.

Сонымен қатар оған Фейсбук пен Инстаграмм әлеуметтік желілері арқылы хабарласа алады. Осы әлеуметтік желі арқылы хабарласқан Теректі ауданында тұратын жас маманның мәселесі шешілді деуге болады. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін жас қыз полицияға қызметке тұрғысы келген, бірақ бойы келмеген. Осы арманынан айнымаған ол Мақсұтхан Нұғманұлының атына хат жазып, өтініш білдірген.

М.Аблазимов жас маманды қабылдап, оны полиция департаментіне әкімшілік мемлекеттік қызметші ретінде жұмысқа қабылдау туралы нұсқау берді. Сондай-ақ облыстың бас полицейіне адвокат байланысқа шығып, аудандық полиция бөлімдерінің біріндегі сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісін тергеу басқармасының өндірісіне беруді сұраған.

«Барлық өтініштер бойынша тиісті шаралар қабылданды. Департамент бастығы өзі адвокат шағымданған аудандық полиция бөліміне жұмыс сапарымен барады. Сол кезде бұл мәселе қаралатын болады», деді БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков.

Полиция департаменті бастығының жеке қабылдауына 98-42-21 телефоны арқылы алдын ала жазылуға немесе әлеуметтік желілердегі парақшасы арқылы жүгінуге болады.

 

inform.kz  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале