25.06.2020, 14:29
Оқылды: 51

БҚО-да ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыруға 5062 түлек өтініш білдірген

Бұл туралы бүгін БҚО Өңірлік коммуникациялық қызметі ұйымдастырған онлайн брифингте БҚО Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Зәуре Ғұмарова баяндады.

64d3598d-4ffc-48ba-9196-b97543176420

- Биылғы жылы ұлттық бірыңғай тестілеу 9 пунктте өтуде. Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға 5062 (соның ішінде биылғы 5 142 мектеп бітірушіден, ҰБТ қатысуға өтініш білдіргендер 4 367 немесе 85%, 662-і  өткен жылдардың мектеп бітірушілері мен колледж бітірушілері және 33 республикалық мектеп түлектері) адам өтініш берді. ҰБТ-ны 22 маусым мен 3 шілде аралығында өткізу жоспарланды.

Тестілеу 22 маусым күні басталды. ҰБТ тестілеу пункттерінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау жұмыстары ұйымдастырылды: яғни, мекемелер тосқауыл үшін қажетті жылжымалы ленталармен, дезинфекциялау тоннелімен, санитайзерлермен, аяқ киімге арналған дезинфекциялау кілемшелермен, тепловизормен, маска және қолғаппен қамтамасыз етілді.

Аудандық білім беру бөлімдерінің жергілікті полиция бөлімдерімен  бірлескен қоғамдық тәртіпті сақтау бағытындағы кезекшілік және тестілеуді өткізу орындарында медициналық қызметкерлермен бірге жедел жәрдем кезекшіліктері ұйымдастырылды. 3 күн бойынша ҰБТ тапсыруға ниет білдірген түлектер саны 1598, соның ішінде тестілеуге қатысқандар саны - 1552 (97%). 16 түлек тест тапсырудан бас тартты.

Өздеріңіз білетіндей, биылғы жылы ҰБТ-дағы бақылау күшейтілді. ҰБТ-ға қатысушыларды тәуелсіз сарапшылар қадағалайды. Олардың құрамына Арнайы мониторингтік топтардың мүшелері, қоғам қайраткерлері, Үкіметтік емес ұйым, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және «Адалдқ алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері бар. Әр аудитория бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Қатысушылар металл іздегіштен өтпес бұрын ережелерді ұстану туралы міндеттемелермен танысып, тыйым салынған заттардың жоқтығы туралы құжатқа қол қояды. Тыйым салынған заттарды қолдануға жасалған кез келген әрекет тест нәтижелерін жарамсыз етеді, қатысушы аудиториядан шығарылады және осы жылы ҰБТ-ны қайта тапсыра алмайды. Ағымдағы жылдың 25 тамызына дейін әр аудиториядан алынған бейнежазбаны мамандар зерделейді. Егер бейнематериалдарды талдау кезінде ережелерді бұзу анықталса, талапкердің тест нәтижелерінің жойылуына әкеледі. Қатысушыға грант тағайындалған болса, онда ол гранттан айырылады. Шпаргалка сынды дүниелерді дайындаудың қажеті жоқ, тыйым салынған заттарды әкелмеген жөн. Бұл ережелер барлық ата-аналарға, тест тапсырушыларына ескертілгенімен 3 күн қорытындысы бойынша 13 түлек тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқаны үшін тестілеуге жіберілмеді (Жәнібек-7, Казталов-6), 9 түлек тест тапсыру барысында ҰБТ ережелерін бұзғаны үшін тест тапсыру мүмкіндігінен айырылып, жұмыстары жойылды (Жәнібек-1, Казталов-5, Бөрлі-1, Сырым-1, БҚАТУ-1).

Құрметті ата-аналар, тест тапсырушылар! Жоғарыдағы тест кезіндегі тәртіп бұзушылықтарды назарларыңызға бере отырып, тиым салынған заттарды өздеріңізбен әкелмеуге, ҰБТ-ның ережелерін сақтауға шақырғым келеді. Әрбір тест тапсырушы өз білімі мен күшіне сенуі қажет. Баршаңызға сәттілік тілеймін! - деді Зəуре Базарғалиқызы.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале