29.06.2019, 16:01
Оқылды: 0

БҚО құрама командасы – WRO кубогының иегері

Павлодарда өткен робототехникадан Ұлттық чемпионатта жалпыкомандалық есепте ең көп жүлделі орын алған БҚО құрама командасы олимпиада жеңімпазы болып, WRO ауыспалы кубогын иеленді. 

IMG-20190629-WA0024

Құрама сапында 18 оқушы өнер көрсетсе, соның 16-сы Оралдағы зияткерлік мектеп оқушылары. Робототехника саласындағы басты жарысқа 16 зияткер қатысып, оның 10-ы жүлделі орынды қанжығалады.

Оралдағы Зияткерлік мектептегі робототехника үйірмесінің шәкірттері ұлттық құрамамен бірге халықаралық аренада ел намысын қорғап жүр. Сонымен қатар мектеп робототехника курсы енгізілген НЗМ жүйесіндегі алғашқы оқу орны.

– Біздің мектеп оқушыларын робототехниканың нағыз фанаты деп айта аламын. Ендігі мақсатымыз – күзде Будапешт қаласында өтетін робототехникадан Бүкіләлемдік олимпиаданың қорытынды кезеңіне өтіп, үздік үштікке кіру, – дейді жарыстың негізгі жоғары категориясында ІІІ орын алған Арнұр Оразғұл.

– Біздің үйірмеге қатысатын балалардың жетістігі көп. Алайда бәсекелестер де артып келеді. Биылдың өзінде алпыс шақты бала үйірмеге жазылды. Алайда өте келе олардың қатары сиреп, шынайы қызығатындары қалады. Ал шамамен  25 бала түрлі жарыстарға қатысып жүр. Өзге мамандықта оқып жатса да, екі түлегіміз Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы мектептерде робототехника үйірмесін жүргізуде, – дейді робототехника үйірмесінің жетекшісі Нұрболат Сәрсенғалиұлы.

Жетекшінің айтуынша, балалар робот құрастырып қана қоймай, құлтемірге жүктелетін міндеттің орындалуына арналған бағдарламалар да жазып үйренеді.  Сонымен қатар үйірмеге қатысатын балалар математика, информатика, инженерлік негіздері және басқа сала ғылымдарының заңдарын өзара үйлестіріп, ойлау қабілетін дамытады.

IMG-20190629-WA0025

Жарыс төрт санат бойынша өтті: «Негізгі», «Шығармашылық», «Роботтар футболы» және «Jasampaz» (ақылды қалалар туралы жобалар).

Жеңімпаздар WRO – 2019 олимпиадасының әлемдік кезеңіне іріктеуге қатысады. Ал 2020 жылы Ұлттық чемпионат жеңімпаз қаласы, яғни Оралда өтеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале