23.03.2020, 16:42
Оқылды: 127

БҚО-ның Ақтөбе және Атырау облыстарымен шекарасына санитарлық блокпосттар қойылды

Бұл жайлы БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

12ade9ba-e634-49af-a8e5-b345fd648b5d

"Коронавирус бойынша әлемдегі қолайсыз эпидемиологиялық жағдайды және Қазақстан Республикасында тіркелген жағдайларды ескере отырып, коронавирустық инфекцияның Батыс Қазақстан облысының аумағына әкелінуі мен таралуының алдын алу мақсатында 21 наурыздан бастап Ақтөбе және Атырау облыстарымен шекараларда санитариялық блокпосттар қойылды. Санитарлық блокпосттар БҚО Шыңғырлау ауданы мен Ақтөбе облысының шекарасына, сондай-ақ Ақжайық ауданы мен Атырау облысының шекарасына қойылған. Санитарлық блокпосттарда тәулік бойы полиция және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлері сауалнама жүргізу арқылы жұмыс істейді.

Ақжайық блокпостында 321 азаматқа, Шыңғырлау блокпостында-1058 азаматқа сауалнама жүргізілді.

Блокпосттардан өткен азаматтардың барлығында денсаулық жағдайына шағымдары болған жоқ, жұмыс жалғасуда" делінген хабарламада.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале