6.10.2026, 15:15
Оқылды: 10

БҚО-ның үш ұстазы лайықты марапатқа ие болды

Батыс Қазақстан облысының үш педагогі білім беру саласына қосқан үлесі мен кәсіби еңбегі үшін жоғары марапаттарға ие болды.

0d6cbc4c-b533-498d-80b2-26bcd600fee9

Қаратөбе ауданы Қажым Жұмалиев атындағы Қаратөбе мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі Алмажан Жасұланқызы Жұмағалиеваға Ақордада Қазақстан Республикасының Президенті «Ерен еңбегі үшін» медалін табыстады.

WhatsApp Image 2026-10-06 at 12.22.49 (1)

Тасқала ауданындағы «Сәулет» мектеп-лицейінің биология пәні мұғалімі  Шәкірова Эльмира Мәлікқызы  ҚР Оқу-ағарту министрі  Жұлдыз Сүлейменованың қолынан «Шапағат» медалін алды.

WhatsApp Image 2026-10-06 at 12.22.49

Сырым ауданындағы Қадыр Мырзалиев атындағы мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жанадилова Венера Ғұбайдоллақызы министрдің қолынан «Білім беру саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

 

БҚО Білім басқармасының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале