ҚР Үкіметінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ертең, 29 қыркүйек күні сағат 10:00-де Үкімет үйінде Премьер-министрдің қатысуымен кезекті Үкімет отырысы өтеді.

Фото: zhaikpress.kz фотомұрағатынан
Оның басты күн тәртібі биылғы егін жинау науқанының барысына арналады. Отырыс барысында агроөнеркәсіп кешеніндегі маусымдық жұмыстардың нәтижелері мен алдағы міндеттер жан-жақты талқыланбақ.
Жиын аяқталған соң БАҚ өкілдері үшін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министрі Назгүл Хатепованың қатысуымен арнайы баспасөз конференциясы өтеді.
Аталмыш отырыстың тікелей таратылымы Үкіметтің ресми интернет-ресурстарында, әлеуметтік желілердегі парақшалары мен Telegram арнасында жүзеге асырылады.