9.04.2020, 11:50
Оқылды: 80

Індет жұқтырған екі адам тіркелді

251CADBD-FD15-4FB8-8990-6A3B12A3526AБүгін өңірімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы екі жағдайы тіркеуге алынды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған шұғыл баспасөз мәслихатында БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаев мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, халықаралық жүк тасымалдаумен айналысатын Өзбекстан Республикасының азаматтарында Ресей Федерациясымен шекарадағы автоөтпел бекетіндегі санитарлық-карантиндік бақылаудан өту кезінде дене қызуының жоғарылауы анықталған.

Аталған азаматтар іс-әрекеттер алгоритміне сәйкес оқшауланып, жедел жәрдем қызметі шақырылған. Барлық эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтай отырып, аталған адамдар провизорлық стационарға жеткізіліп, коронавирустық инфекцияға зертханалық талдау жүргізіліп, нәтижесінде COVID-19 диагнозы нақтыланған. Қазіргі уақытта облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған науқастардың жағдайы қанағаттанарлық.

-9 сәуір күні Ресейдің Мәскеу қаласынан жүк көлігімен келген өзбекстандық екі азаматтың короновирус індетін жұқтырғандығы анықталды. Олардың бірі 37, екіншісі 34 жаста. Аталған азаматтардың ауру жұқтыруы мүмкін деген күдік Самара облысымен шекарадағы «Сырым» өткізу бекетінен өту кезінде анықталды. Айта кетейін, короновирус дертін жұқтырған бұл екі азамат облыс аумағына кірмей, шекарадан оқшауланды,- деді Мұхамғали Арыспаев.

Өңірдің бас санитарының айтуынша, бүгінгі таңда Ресеймен шекарадағы өткізу бекеттеріндегі сақтық шаралары күшейтіле түскен. Аталған «Сырым» өткізу бекетінен тәулігіне 200-300-дей, Тасқала ауданындағы шекара бекетінен 100-деген көлік өтуде. Өңір аумағына кірген әр жүк көлігінің жүргізушілері қатаң тексерістен өткізілуде.

Баспасөз мәслихатына қатысқан БҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Болатбек Қаюпов есепке алынған науқастардың бүгінгі жағдайына тоқталып өтті.

Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында коронавирусты инфекциямен барлығы төрт адам ем алуда. Олардың қазіргі кездегі жағдайы бірқалыпты. Індет жұқтырған бір науқастың денсаулығы күн санап жақсарып келеді. Аталған азаматшадан короновирус ауруына тексеру мақсатында екі рет сынама алынды. Екі зерттеуде де індет белгілерінің жоқ екендігін көрсетті. Ол адам арнайы құрылған комиссяның шешімімен жақын күндері емханадан шығарылады деп күтілуде. Бірақ сауыққан адам белгілі уақыт оқшауда болуы тиіс. Бүгінгі таңда өңірдегі провизорлық стационарларға 97 адам орналастырылды. Сонымен қатар шет мемлекеттерден келген 3608 адам үй жағдайында оқшауланды. Олардың денсаулықтары күн сайын жіті қадағалауда, - деді өңірдің бас дәрігері.

Нұрбек Оразаев

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале