19.03.2022, 9:00
Оқылды: 140

Қадірменді Ақ Жайық жұрты!

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мейрамымен шын жүректен  құттықтаймын!

IMG-20220319-WA0003

Халқымыздың ұлы мәдениеті, бай салт-дәстүрі көрініс тапқан Наурыз мейрамы біздің жан дүниемізді шуаққа бөлеп, ой-ниетімізді жақсылық пен имандылыққа бағыттайды.

Ақ Жайық өңірін ақ-адал еңбегімен құтты қонысқа айналдырған батысқазақстандықтардың кемел келешек жолындағы бастамалары баянды, еңбектері жемісті бола бергей.

Халқымыздың бірлігін бекемдеп, ырыздығын еселер дәстүрлі мерекеміз баршаның үмітін ақтап, жаңа белестерді бағындыру үшін күш-қуат пен қажымас қайрат әкелсін. Осынау шуақты мейрамда әрбір шаңырақ шаттық пен игілікке толсын. Баршаңызға ырыс-ынтымақ, денсаулық пен бақ-береке тілеймін!

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Құрметпен 

Ғали Есқалиев,

Батыс Қазақстан облысының әкімі

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале