4.07.2023, 12:00
Оқылды: 102

 Қазақ тілді оқулықта олқылықтар көп

Жастардың оқу-тәрбие жұмысы түзелмей, жұрт ісі түзелмейді

А.Байтұрсынов

 

  ХХ ғасырдың басында қазақ халқы небір ірі қоғамдық-саяси оқиғаларды бастан өткерді. Сол кездері ұлттық мәдениет пен әдебиеттің, білім мен ғылымның негізін қалайтын ірі тұлғалар қалыптасты. 

кітап

Адамзаттың ар туын көтеріп, сана-сезіміне демократиялық ойлар сіңіріп, алға жетелеуге өз үлесін қосатын, қазақтарды рухани жаңғыртатын, зиялы қоғам өкілдері келді.  Иә, сол ХХ ғасырдың тұсында халықтың  зердесіне білім  нәрімен сәуле шашып, болашаққа нық сеніммен, іргесі биік елдің алды болып, тыныш, бейбіт заманда өмір сүруге өз үлестерін қосатын Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев секілді алаш зиялылары  келіп, қазақ халқының тілін, ділін көтеретін зиялы топ қалыптасты. Заманында алаш қайраткерлері қазақ ұлтының көзін ашып, көкірегін оятты. Ұлттың рухани оянуы мен сауат ашуына себеп оқу-білімде екенін жақсы түсіндірді. Білімпаздарды шығару үшін барын салып, оқулықтар мен аудармаларды мақсатты түрде даярлады. Сол тұста, алаш қайраткерлері  тіл тұғырын биік етуге барын салды. Тіл туын көтеріп, бекем болуы үшін аянбай тер төгіп, бала оқыту, тәрбиелеу мәселесіне жіті көңіл бөлді. Қазақ тілінің негізін қалаушы, ұлт ұстазы, алаштың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынов "Біз әуелі елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек",- деп айтқандай, заманында оқу-білімге ден қойып, жастар үшін оқулықтар шығарды. Орыс тіліндегі оқулықтарды қазақ тілінде аударма жасап, қазақ кітапханасында оқулықтардың көп болуына өз тарапынан үлесін қосты. "Оқу құралы", "Әліп-би", "Тіл-құрал", "Сауат ашқыш", "Жаңа әліппе", "Баяншы", "Тіл жұмсар" атты ана тіліміздегі алғашқы оқулықтарды өмірге алып келді. Заманында елімізде қазақ тілді кітаптар көп еді. Бәлкім, сол 19-20 ғасырда ақылды, әр істі байыппен шешетін, шешендік өнері қалыптасқан, білімді іздеп оқитын ғалым-ғұламалар өмір сүргесін бе екен? Бүгінде жер жаһанды кезіп теңіздей білім алғанды сүйетін білімпаздар жоқтың қасы. Себебі, өткен ғасырларда кітап инемен құдық қазғандай көп болатын. Қазір кітапханаларда қазақ әдебиетінің сол бұрынғы кітаптарынан басқа сөрелерде қазақ оқулықтар самсап тұр. Бұл біздің елімізде қазақ тілді оқулықтарға сұраныстың жоқтығы ма, әлде қазақ оқулық шығаратын авторлардың жоқтығы ма екен? Көненің көзі, ғалымның сөзін табатын кітаптарды кітапханалардан көп кездестіре бермейміз. Көп емес, мүлдем кездестірмейміз десе де болады. Иә, қазір заманның дамығаны ма әлде адамның дамығаны ма дерсің  кітап турасында әңгіме қуалай қалсаң адамдардың айтатыны кітапханаға бармай-ақ электронды оқулықтарды оқи салмайсың ба?  Бұдан не пайда? Аяқтай барып, колымен ұстап, парақтап беттерін ашып оқыған оқулыққа  бәрібір жетпейтін болса. Расымен, электронды кітаптарды оқығаннан көрі кітапханаларға барып, өз бетіңше әр жанрдағы кітапты қалауыңша оқығанға не жетсін. Әттең, дәл осы тұста кітапханаларымыздағы кітаптарымызда ауыз толтырып айтарлықтай емес.  Біріншіден сапасы нашар. Екіншіден іздегенге сұраған оқулығың жоқ.

Соңғы кездері оқулықтар туралы оның сапасы мен кемшілігі туралы білім және ғылым министрлігінде, бұқаралық ақпарат құралдарында көптен талқыға түсіп жүр. Десе де, бұл проблемалардан әлі көз ашпай отырмыз. Әсіресе, қазақ тілді кітаптарда кетіп жатқан қателіктер толассыз. Оқулықтарды орыс тілінен аударып, мардымсыз, мағынасыз түрде басып шығарғасын не болсын?  Бұрын біз нағыз әдеби шығармаларды оқып, соның ішіндегі кейіпкердің болмысына еніп шынайы түрде әсер алатынбыз. Бос уақытты кітап оқуға арнап, қазақ әдебиетінің негізін қалаған қазақ эстетиктерінің жазбаларын оқып рахаттанатынбыз. Мектепте кітапханаларға барып көненің иісі сіңген кітаптарды алып оқып, адамдармен кітап алмастырып, кітапхана кезуге жалықпайтынбыз. Ал, қазір кітапханаға барғың-ақ келгенмен оқитын қазақ оқулықтарын таппай іштей күйінесің. Қашаңғы бір оқыған кітапты, шығармаларды оқи бермекпіз? Неге біздің елімізде басқа да жазушылардың мәнді де сәнді кітаптары жарық көрмеске? Біз жастар, әдебиетке жақын, кітап оқуға құмармыз. Көбісі телефонға тәуелді, кітап қайдан оқысын деп ойлайды. Қайдан оқиық? Қазір жастар шетел шығармаларын, орыс әдебиетін оқуға құмар. Себебі, орыс әдебиеті қазақ әдебиетіне қарағанда қызығырақ әрі сапалы. Біз көріп жүрген қазіргі қазақ тілді оқулықтарды ашып қарасақ ішінде кездесетін олқылықтар жетерлік. Осы тұста мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаевта сапасыз оқулықтар мәселесіне айрықша назар аударған. Оқулықтарға қатысты, олардың жазба авторларына, яғни, жазушылардың әлеуетін арттыруды  білім министрлігіне тапсырма ретінде жүктеген болатын. Дегенмен, сараптамалар жүргізіліп оқулықтар жарыққа шығып жатқанымен әлі көңіл қуантарлықтай емес. Сөйте тұра, кітапханаға жастар келмейді. Жастар кітап оқымайды дейді. Ал бізде оларды қажет кітаппен қамтып отыр ма? Ең болмаса әлемдегі үздік шығармаларды қазақ тіліне аударып, неге оқырманға ұсынбасқа? Адамзатты адам еткен-білім. Ал білімнің көзі кітапта.

Қазақ рухани байып, ой-өрісі кең, сөз мәдениеті қалыптасқан ұрпақ тәрбиелегісі келсе алдымен кітап шығару қажет. Көздің жауын алар мұқабасы әдемі кітаптар мен көркем шығармалар "Қазақ тілінде" жазылған болса, жастардың оқуға деген қызығушылығы артатын еді. Бұл тығырықтан шығудың бір ғана жолы тіл мәселесіне баса назар аудару. Сол кезде егеменді еліміздің жұлдызы жарқырап, оқулықтарға деген олқылықтар орнын толтырар еді.

А.Жұмабергенова

 «Мемлекеттік тіл және БАҚ» конкурсы үшін

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале