16.05.2024, 20:00
Оқылды: 37

Бөрлі ауданында «Өрт – 2024» оқу-жаттығуы өтті

Өрт – тілсіз жау. Жаз мезгілінде ауа-райының қатты ыстық болуына байланысты орман алқаптарында және далалық аймақтарда өрт көп орын алады.

Еліміздің барлық өңірлерінде 15 және 16 мамыр күндері «Өрт – 2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізілді. Соның аясында Бөрлі ауданының Пугачев ауылдық округ аумағында аталған шара ұйымдастырылды.

1d8edb34-ac98-4f05-a826-7e153a4c902e

Оқу-жаттығудың мақсаты - төтенше жағдай қызметкерлері мен арнайы техника жұмысының жылдамдығы мен дайындықтарын тексеру. Ауданымызда өткізілген оқу-жаттығуға 70-тен астам жеке құрам және 16 техника қатыстырылуда.

2d4c2791-7d0d-4f8d-a1f5-6bce1c353d5a

- Бүгінгі шара жаз мезгілінде орын алатын табиғи өрттердің тез арада алдын алу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Оқу-жаттығуға жергілікті төтенше жағдайлар, өрт сөндіру бөлімдерінің және орман шаруашылығы мен жедел-жәрдем, полиция қызметкерлері де қатысты. Өрт жаз мезгілінде көбінесе орман және далалық алқаптарда болады. Адамдардың далада немесе табиғат аясында демалған кезде ашық отты пайдаланғанының салдарынан орман және дала өрттері орын алады. Біздің басты міндетіміз бірлесіп, үлкен өрттің жайылмауының алдын алу, тез әрекет ету, - дейді Бөрлі аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Жарас Көпжасаров.

4006c4cc-056e-459b-9fce-9157665c1981

Жыл сайын облысымызға қарасты аудандардың арасында және Ресей Федерациясының шекарасында оқу жаттығулар өткізіліп тұрады екен. Ал республикалық көлемдегі оқу-жаттығу бірінші рет ұйымдастырылған. Осыған дейін бұндай шаралар Шыңғырлау,Теректі аудандарымен бірлесіп өткізіліпті. Ал бүгінгі шара тек біздің ауданның өрт сөндіру және орман шаруашылығы қызметкерлерінің қатысуымен өткен.

10186e05-2f26-4f0a-9475-bcdae4fb76d5

- Бүгінгі шараға бізден 18 адам 4 бірлік техника шықты. Негізінен, бізде өрт сөндіруге 45 адам, 16 техника бар. Біздің ауданның орман шаруашылық аумағы Теректі ауданы Теректі ауылынан басталып, көршілес мемлекет Ресей Федерациясының шекарасына дейін. Орман жолақтары және мемлекеттік орман қорлары 23 мың гектардың үстінде аумақты алып жатыр. Бұндай шаралардың пайдасы жылдамдықты және тиянақтылықты қамтамасыз етеді. Өрт болған жағдайда бәріміздің де кез келген уақытта дайын болуымызға пайдалы. Бұл орын алып жатқан бірінші жаттығу емес. Алдағы уақытта да жаттығу жұмыстары өткізіледі. Өрт жоқ деп босаңсуға болмайды, - дейді Бөрлі орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Төрехан Төлегенов.

Айдана Абдрахманова,

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале