Қазақстан хоккейден әлем чемпионатына қатысатын қыздар командасының құрамын жариялады, деп жазады zhaikpress.kz Қазақстан хоккей федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
7 және 13 сәуір аралығында Андоррада ІІА дивизиондағы қыздар командалары арасындағы хоккейден әлем чемпионаты өтеді.
Фото: icehockey.kz
Бірінші дивизионға жолдама алу үшін Қазақстан құрамасы Бельгия, Испания, Исландия және Мексика командаларымен тартысқа түседі.
27 наурыз бен 5 сәуір аралығында Андорраның Канильо қаласында 2000 метр биіктікте жарыс өтетін жерде дайындық жиыны өтеді деп жоспарланған. Алдағы турнирге келесі құрам ұсынылды. Түбегейлі өтінімге 22 ойыншы, 20 алаң ойыншысы мен екі қақпашы енген.
Қақпашылар: Полина Говтва («Торпедо», Өскемен), Арина Щеколова («Томирис», Астана)
Шабуылшылар: Малика Алдабергенова, Перенеш Ашимова, Алина Иванченко, Татьяна Королева, Лариса Свиридова (барлығы - «Айсұлу») Екатерина Куценко, Анастасия Оразбаева, Надежда Филимонова, Александра Шегай (барлығы – «Томирис»), Мунира Саяхатқызы, Дильназ Саяхатқызы, Карина Фельзинк (барлығы – «Торпедо»)
Қорғаушылар: Аида Олжабаева, Мадина Тұрсынова, Анна Пяткова (барлығы – «Айсұлу») Юлия Буторина, Александра Воронова, Дария Молдабай (барлығы – «Томирис»), Анастасия Дубровская, Катрин Мескини (екеуі де – «Торпедо»)