21.09.2026, 14:30
Оқылды: 6

Қазақстанда әйелдерге медициналық көмектің тұтас кешені мемлекет есебінен көрсетіледі

Қазақстанда әйелдерге медициналық көмектің тұтас кешені мемлекет есебінен көрсетіледі. Бұл қызметтер әйелдердің репродуктивтік денсаулығының барлық маңызды кезеңдерін – отбасын жоспарлаудан бастап босанғаннан кейінгі қалпына келуге дейінгі кезеңді қамтиды.

bb155bab6a6281b0922d4f97efea380b1b1d8d37eef75d4cfa1be7bd5c26baa3_1280x720

425 медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымы мен 24 облыстық перинаталдық орталықтың базасында жеке тіркеу бөлімдері, емшара кабинеттері және отбасын жоспарлау орталықтары ұйымдастырылған әйелдер консультациялары ашылды.

1 миллионнан астам әйел әйелдер консультацияларының қызметтерін алды. Ал жүктіліктің 10 аптасына дейін есепке тұрған жүкті әйелдердің үлесі 18%-ға артып, 71%-ды құрады.

Ұрықтың туа біткен даму кемістіктерін ерте анықтау мақсатында барлық өңірлерде перинаталдық орталықтардың базасында «Бір күндік клиникалар» ұйымдастырылды. Мұнда жүкті әйелдер кепілдік берілген медициналық көмек шеңберінде 5 түрлі зерттеуден өтіп, нәтижесін келесі күні алады.

2026 жылы диагностикалық зерттеулермен 100 мыңнан астам жүкті әйел қамтылып, 500 мыңнан астам қызмет көрсетілді. Нәтижесінде ұрық кемістіктерін анықтау көрсеткіші 13%-ға артса, нәресте өлімінің көрсеткіші 15%-ға төмендеді.

2025 жылдан бастап Қазақстанда әйелдерді салауатты жүктілікке дайындауға бағытталған бірегей «Аналар саулығы» бағдарламасы іске асырылуда. Бағдарламаның шеңберінде 12 түрлі тегін медициналық тексеруден өтуге мүмкіндік қарастырылған.

Жыл сайын республикада 300 мыңнан астам босану қабылданады. Мемлекет ана мен бала денсаулығын сақтауға, әрбір әйелге тұрғылықты жеріне немесе қаржылық мүмкіндігіне қарамастан медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге барлық жағдайды жүйелі түрде жасап келеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале