21.09.2026, 18:00
Оқылды: 4

Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін қанша ұйым жұмыс істейді?

2026 жылғы 31 тамыздағы жағдай бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге 632 ұйым лицензия алған, оның ішінде 466 мемлекеттік және 166 үкіметтік емес ұйым бар. Барлығы 704 лицензия берілді, өйткені жекелеген ұйымдар бірнеше бағыт бойынша қызмет көрсетеді. Қызметтермен 108 281 адам қамтылған.

5cbfb64ec7bec9857aa96078dbb0a796464d1c664c27bf945ed61e638071c022_1280x720

Елде қарт адамдар мен қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдар үшін орындар жеткілікті ме?
Қарт адамдар үшін елімізде 49 орталық бар.

Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесі дамып келеді, алайда қосымша орындарға деген қажеттіліктің толықтай жоқ екені туралы айту әлі ерте (523 адам). Қажеттілік өңірлер мен қызмет көрсету нысандарына қарай ерекшеленеді.
Бұл ретте мемлекеттік саясат стационарлық орындар санын ұлғайтуға ғана емес, сонымен қатар үйде, жартылай стационарлық және уақытша қызмет көрсетуді дамытуға бағытталған, бұл адамды міндетті түрде интернатқа орналастырмай-ақ оған көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

 Қандай жағдайларда және қандай құжаттар арқылы адамды арнаулы орталыққа орналастыруға болады?
Ұйымға орналастыру туыстарының қалауы бойынша ғана емес, адамның арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаждығын ескере отырып, заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Стационарлық қызмет көрсету үшін жеке іс қалыптастырылады. Оған, атап айтқанда, қызмет алушының өтініші не заңды өкілінің өтініші, жеке басын куәландыратын құжат, медициналық құжаттама, болған жағдайда мүгедектіктін растайтын құжаттар, абилитациялау және оңалтудың жеке бағдарламасы, ал қарт адамдар үшін — зейнеткерлік куәлік кіреді. Сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы жергілікті атқарушы органның шешімі және тиісті жолдама қажет.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер, атап айтқанда, мүгедектігі бар адамдарға, өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын қарт адамдарға, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтардың жекелеген санаттарына көрсетіледі.

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарында қандай көмек түрлері көрсетіледі?
Көмек кешенді сипатқа ие. Ол мыналарды қамтиды:

  •  әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер;
  •  әлеуметтік-медициналық қызметтер;
  • әлеуметтік-психологиялық қызметтер;
  • әлеуметтік-педагогикалық қызметтер;
  •  әлеуметтік-еңбек қызметтері;
  • әлеуметтік-мәдени қызметтер;
  • әлеуметтік-экономикалық қызметтер;
  • әлеуметтік-құқықтық қызметтер.

Яғни мұндай ұйымдардың міндеті — адамды тек тұратын орынмен және күтіммен қамтамасыз ету ғана емес, сонымен бірге оның дербестігін, денсаулығын, әлеуметтік байланыстарын және өмір сүру сапасын барынша сақтау.

Бұл ұйымдарда қызмет алушылардың қауіпсіздігі мен құқықтары қалай қорғалады?
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың қызметін міндетті лицензиялау енгізілді. Лицензиялау сапа мен қауіпсіздікті бақылаудың негізгі құралдарының біріне айналды.

Ұйымдарға:

  • санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік;
  • өрт қауіпсіздігі;
  • мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділік;
  • қажетті материалдық-техникалық базаның болуы;
  • персоналдың біліктілігі мен жасақталуы;
  • қызметтер көрсету бойынша белгіленген стандарттарды сақтау бойынша талаптар қойылады.

Осылайша, лицензия — жай ғана формальдылық емес, мемлекетке тұру жағдайларын, қауіпсіздікті және қызмет көрсету сапасын бақылауға мүмкіндік беретін тетік.

Мемлекет осындай орталықтардың жағдайын жақсарту үшін қандай жұмыстар жүргізіп жатыр?
Негізгі бағыттар — лицензиялау, инфрақұрылымды жаңғырту, қолжетімділікті арттыру, қауіпсіздік пен кадрлардың кәсіби даярлығына қойылатын талаптарды күшейту.
2026 жылы негізгі назар лицензиялық талаптардың сақталуына, әлеуметтік қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға, қолжетімді инфрақұрылымды дамытуға, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен және қызмет көрсетушілермен өзара іс-қимылды күшейтуге аударылуда.
Бұл ретте мемлекет біртіндеп «орын ұсыну» тәсілінен «адамды сапалы әрі қауіпсіз қызметпен қамтамасыз ету» тәсіліне көшуде.

 Әлеуметтік қызмет көрсету саласында мамандар жетіспеушілігі бар ма?
Кадр мәселесі жүйені дамытудың негізгі бағыттарының бірі болып қала береді. Лицензиялау кезінде белгіленген штаттық талаптарға сәйкес келетін білікті персоналдың болуы тікелей тексеріледі.
Бұл ретте ел бойынша кадр тапшылығының бірыңғай цифры туралы емес, кадрлық әлеуетті одан әрі нығайту қажеттілігі туралы айтқан дұрысырақ. Әсіресе мүгедектігі бар адамдармен, қарт азаматтармен және психоневрологиялық аурулары бар адамдармен жұмыс істейтін мамандардың кадрлық әлеуетін күшейту қажет.

Ұйымдар санын арттыру және қызмет сапасын жоғарылату бойынша қандай жоспарлар бар?
Алдағы уақытта негізгі басымдық жаңа объектілер салуға ғана емес, қолданыстағы жүйенің сапасын арттыруға да бағытталатын болады.
Басым бағыттардың қатарында:

  • лицензиялауды одан әрі дамыту;
  • сапа мен қауіпсіздікке қойылатын талаптарды арттыру;
  • қолжетімді инфрақұрылымды дамыту;
  • үкіметтік емес сектордың қатысуын кеңейту;
  • үйде және жартылай стационарлық қызмет көрсету нысандарын дамыту;
  • мамандардың кәсіби деңгейін арттыру;
  • қызмет алушылардың құқықтарының сақталуына бақылауды күшейту.

Осылайша, мемлекеттің басты міндеті — адам қажетті көмекті уақтылы, қауіпсіз жағдайда және оның қадір-қасиеті мен құқықтарын құрметтей отырып алатын жүйені қалыптастыру.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале