9.09.2022, 18:00
Оқылды: 173

Қазақстанда ерікті медициналық сақтандыру жүйесі қашан қолжетімді болады – Министр жауап берді

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ерікті медициналық сақтандырудың қазақстандықтар үшін қолжетімді екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

1

Министр ерікті медициналық сақтандыру жүйесін қолжетімді ету үшін сақтандыру компанияларымен жұмыстар жүргізілу керек екенін айтты.

"Бірақ оны негізінен ірі кәсіпорындар, соның ішінде мұнай компаниялары пайдаланатын шығар. Ал оны қарапайым халық пайдалануы үшін біз Мемлекет басшысының тапсырмасын ескере отырып, енді жұмыс тобын кеңейту мақсатында осы қызметті ұсынатын барлық сақтандыру компанияларын бірлесуге шақырамыз", - деді Ажар Ғиният.

Министр бұл тетіктердің әлі де пысықталатынын атап өтті.

"Ерікті түрде сақтандыратын компания қандай көмек көрсете алады, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында қандай қызмет көрсетеміз және міндетті сақтандыру аясында қандай қолдау көрсетіледі деген нақты бөлім болады. Біздің жыл соңына дейін уақытымыз бар",- деп түсіндірді министр.

Айта кетсек, бұған дейін министр еліміздің медициналық сақтандыру жүйесінен бас тартуы мүмкін бе деген сауалға жауап берген болатын.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале