1.07.2026, 11:15
Оқылды: 20

Қазақстанда Конституцияның толыққанды күшіне енуі үшін нормативтік база қалыптастырылды – Әділет министрлігі

Президенттің жаңа конституциялық модельге көшу жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Қазақстанда заңнаманы ауқымды түрде жаңғырту басталды. Үкімет отырысында нормативтік базаны жаңа Конституцияға кезең-кезеңімен сәйкестендіру туралы әділет министрі Ерлан Сәрсембаев баяндады.

5343954883175978935

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының Жарлығын жүзеге асырудың бірінші кезеңінде 5 дербес конституциялық заң қабылданды, сондай-ақ қолданыстағы 9 конституциялық заң, 15 кодекс және 51 заң сәйкес келтірілді. Бұл өзгерістер Парламенттің бір палаталы моделіне көшудің және тамыз айында Құрылтайға сайлау өткізудің құқықтық негізін қамтамасыз етті.
«Бірінші рет Ата заң деңгейінде азаматтардың жағдайын нашарлататын заңдарға уақыт жағынан кері күшке ие болуға тікелей тыйым салу нормасы бекітілді. Бұл құқықтық тұрғыда үлкен сенім тудырады әрі қоғамның заңнама саласына деген сенімін нығайтады. Қоғамның цифрлық дамуы бойынша адамның жеке деректері Конституциялық қорғауға алынды. Әр бір азаматтың мемлекеттік органдардың немесе олардың лауазымды тұлғаларының заңсыз әрекеттерінен келген зиянды өндіріп алу құқығы бекітілген», — деп атап өтті министр.

Сондай-ақ, Әділет министрлігі бұрынғы конституциялық модель кезінде қабылданған Құқықтық саясат тұжырымдамасын қайта қарауды бастады. Құрылтай қалыптасқанға дейінгі сайлау кезеңінде мемлекеттік органдар азаматтық, әлеуметтік саясат және цифрлық ортадағы деректерді қорғау мәселелерін реттеуді жаңарту тәсілдерін әзірлейді.
«Бүгін жаңа Конституцияның күшіне енуіне орай түбегейлі өзгерістер басталды. Конституцияда алғаш рет: Әділ Қазақстан ұғымы мемлекеттік даму идеологиясы ретінде; "Заң және Тәртіп" қағидаты; адами капиталды дамыту; жауапты және жасампаз патриотизм идеясын ілгерілету; білім, ғылым және инновация – мемлекет қызметінің стратегиялық бағыттары ретінде; болашақ ұрпақ алдындағы экологиялық жауапкершілік бекітілді. Болжалды аналитикаға, құқықтық және экономикалық салдарларды модельдеуге сүйене отырып, норма шығаруға жаңа көзқараспен қарау керек. Құқықтық саясаттың жаңартылған тұжырымдамасы ұлттық құқықтық жүйені дамытудың ұзақ мерзімді бағыттарын айқындайды және оның бірлігін қамтамасыз етеді», — деп атап өтті Ерлан Сәрсембаев.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале