25.08.2026, 23:45
Оқылды: 34

Қазталов ауданы: Талдыапан, Қараоба және Нұрсай ауылдарында ветеринариялық пункт ашылды

Қазталов ауданының Талдыапан, Қараоба және Нұрсай ауылдарында заманауи ветеринариялық пункттер пайдалануға берілді.

image-25-08-26-11-22-5

Салтанатты шараға БҚО әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов, аудан әкімі Асланбек Сарқұлов, облыстық ветеринария басқармасының басшысы Абзал Бралиев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық инспекциясының басшысы Тілек Мұқатов және жергілікті тұрғындар қатысты.

image-25-08-26-11-22-11

​Жаңа нысандар ауыл тұрғындары үшін ветеринариялық қызметтің қолжетімділігін арттырып, төрт түліктің саулығын сақтауға және жұқпалы аурулардың алдын алуға бағытталған.

image-25-08-26-11-22-7

​Салтанатты жиында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов саланы дамыту Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей бақылауында тұрғанын атап өтті. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бекітілген 2026-2030 жылдарға арналған ветеринарияны дамытудың кешенді жоспары аясында заманауи инфрақұрылым қалыптастыру және санитариялық қауіпсіздікті күшейту көзделген.

image-25-08-26-11-22-2

​Шарада ауыл ақсақалдары мен сала ардагерлері де ақ батасын беріп, бұл бастаманың маңыздылығын тілге тиек етті.

image-25-08-26-11-22-23

​Бұдан бөлек, Талдыапан мен Нұрсай ауылдарында мал қорымдары пайдалануға берілсе, Қараоба ауылында бұл бағыттағы құрылыс жұмыстары жалғасуда. Облыс әкімінің орынбасары атқарылған істерге оң бағасын берді.

image-25-08-26-11-22-8

Асылбек Нәсіпқалиұлы, 

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале