ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстандағы вакциналау және ревакциналау жұмыстары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Әлемде омикроннан кейін эпидемиологиялық ахуал нашарлады. Бірқатар елде аурудың өршуі екі айдан астам уақытқа созылды, ал кей елдерде әлі жалғасып жатыр. Халықты вакциналау және ревакциналау жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күні вакциналауға жататын ересек халықтың 83% немесе Қазақстан халқының 54% бірінші компонентпен және 52% - екінші компонентпен қамтылған. Белгіленген топтың 55% қайта вакциналанды және ревакциналаумен 3 млн астам адам қамтылған, ал жалпы 5,6 млн қайта вакциналауға жатады», - деді А. Ғиният орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Министрдің айтуынша, күн сайын тәулігіне шамамен 23 000 адам екпе салдырады, 27 000 адамға дейін қайта вакциналанады. Өңірлерде вакцинамен қамту үшін 5 млн жуық вакцина дозасы бар.
Айта кетейік, наурыз айында коронавируспен сырқаттану көрсеткіші 33 есе төмендеген. Қазір Қазақстан Республикасы мен барлық өңірлер жасыл аймақта орналасқан.
18:0021.12.2022
Қазақстанда қандай вирустар айналымда жүр – министр жауабы
11:0114.12.2022
Маусымдық вирустар өршіп тұр – Ажар Ғиният
15:4622.11.2022
Коронавирус қайта күшейді, Pfizer вакцинасы халықтың барлық санатына қолжетімді болады – Ажар Ғиният
15:3010.10.2022
Елімізде 655 алғашқы медициналық көмек нысаны салынбақ
21.12.2022, 18:00
14.12.2022, 11:01
22.11.2022, 15:46
10.10.2022, 15:30