Басты жаңалықтар
Оралда гараж бен шағын автобус жанып кетті
6 Желтоқсан 2023
Оралда гараж бен шағын автобус жанып кетті
Орал қаласында гараж бен шағын автобус жанып кеткен. Бұл туралы БҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.  Баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға кеше кешкі сағат…
Президент Есқалиевтер отбасына көңіл айту хатын жолдады
6 Желтоқсан 2023
Президент Есқалиевтер отбасына көңіл айту хатын жолдады
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өңірімізге танымал тұлға Нәжімеден Есқалиевтың қазасына орай марқұмның отбасына көңіл айту хатын жолдады. «Мемлекет және қоғам қайраткері Н.Ы.Есқалиевтің отбасы…
Су, қайдасың? Тамызда тапсырылуға тиіс нысан тұралап тұр
6 Желтоқсан 2023
Су, қайдасың? Тамызда тапсырылуға тиіс нысан тұралап тұр
Сырым ауданы Қособа ауылдық округінің әкімі Бейімбет Жайманов ауылдастарымен есептік кездесу өткізді. Жиналысқа Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов қатысты. «Жымпитыдан Қособаға ауыз су келеді деген?…
БҚО футбол қауымдастығы жылды қорытындылады
5 Желтоқсан 2023
БҚО футбол қауымдастығы жылды қорытындылады
Биыл Қазақстан футболына 110 жыл толды. Орал қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен БҚО футбол қауымдастығы жыл бойы футзалдан әуесқой командалар арасында қалалық ашық…
Оралдық студент БҚО төтенше жағдайлар департаментінің үздік волонтері атанды
5 Желтоқсан 2023
Оралдық студент БҚО төтенше жағдайлар департаментінің үздік волонтері атанды
Бүгін Батыс Қазақстан облысы ТЖД басшылығы жыл бойы ТЖ алдын алу және жою жөніндегі жұмысқа белсенді қатысқан волонтерларға алғысхаттар табыстады. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар…
Дулат Исабеков: «Ұлттық мемлекет еместігі АҚШ-тың түбіне жетеді»
5 Желтоқсан 2023

Дулат Исабеков: «Ұлттық мемлекет еместігі АҚШ-тың түбіне жетеді»

Оралда басына кірпіш тас құлаған әйел көз жұмды
26 Қараша 2023

Оралда басына кірпіш тас құлаған әйел көз жұмды

БҚО-да боранда жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды
24 Қараша 2023

БҚО-да боранда жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды

23 Қараша 2023

"Аруман" жылыжай кешенімен танысты

Шыңғырлауда өткен қабылдау
23 Қараша 2023

Шыңғырлауда өткен қабылдау

Шыңғырлау ауданында үш қабатты үй қолданысқа берілді
23 Қараша 2023

Шыңғырлау ауданында үш қабатты үй қолданысқа берілді

Командир – куратор

 

Дианара Асқарқызы педагогика саласында бірнеше жылдан бері жемісті еңбек етуде. Қазіргі уақытта Орал қаласындағы дарынды балаларға арналған С. Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында 7б-сыныбына куратор. Бұған дейін үш мәрте түлектер легін қанаттандырып ұшырған мұғалімнің тәжірибесі мол, ізденімпаздығы ерен. Есімінің ерекше болу себебін тарқатып айтқан кезде Дианара бірден әкесін құрметпен еске алды.

WhatsApp Image 2023-09-26 at 15.00.11

– Әкем Асқар Қабылайұлы Тапалов 36 жасында қайтыс болды. Ол кезде 11 жаста едім. Отбасында апалы-сіңлі үш қызғалдақ – үш қыз өстік. Асқар тау – әкем көп ағайынды болатын. Атам мен әжем он бала өсірген. Олардың көбі С. Сейфуллин мектебінде білім алды. Қабылай атам Тасқала ауданында бастауыш мектеп мұғалімі, мектеп директоры қызметін атқарды. Әжем Күнсұлу жарықтық, еңбекқор, жігерлі адам еді. Атам Қабылай дүниеден ерте озды. Балаларын қанаттыға қақтыр­май, тұмсықтыға шоқтырмай бағып-қағып өсірген әжемнің ғұмырын да індет тажал үзді. Әкемді есіме алсам, әлі күнге жанарыма жас үйіріледі. Жайсаң, жомарт еді. Домбырамен күй тартатын. Шахмат ойнайтын. Жазу мәнері әдемі болды. Мамандығы, негізінен, агроном болды. Сұсынан көбі жасқанатын. «Әкең өлсе де, әкеңнің көзін көрген өлмесін» дейді қазақ. Көзкөрген қатарлас, дос-жаран, курстастарымен жиі жүздесемін. Туысқандарым есі­мімнің неге ерекше екенін әңгімелеп отыратын. Әкемнің ең үлкен ағасының қызының аты – Анара. Оны әкем жанындай жақсы көріп, еркелеткен екен. Содан мені де Дианара (екінші Анара) деп атағанды қолай көріпті. Бір қызығы, екеуміз де отбасында екінші қыздармыз. Қазіргі уақытта Анара – көпбалалы, мейірімді, кең пейілді ана. Өзім бала күнімде сәулетші болуды, үлкен үй салуды армандадым. Есейе келе көп­теген бауырымды қанатымның астына алып, шаңырағыма шақыратынмын. Орал қаласындағы жоғары аграрлық-технологиялық колледжде экономист-менеджер мамандығы бойынша оқыдым. Одан кейін қазіргі М. Өтемісов атындағы БҚУ-да құқық және экономика мамандығы бойынша жоғары білім алдым, –  дейді кейіпкеріміз.

Дарынды балаларға арналған мектепте мұғалімдерге де, оқушыларға да қойылатын талап қатаң. Он жылдан бері қызмет атқарып келе жатқан Дианара Асқарқызы бұған дейін үш сыныпқа жетекшілік етіп, бәрін де қанаттандырып, өмірлік бағыт-бағдар берген. Куратордың мақсат-міндеті ұшан-теңіз. Педагог жетекшілік еткен сыныптардағы балалардың барлығы грант негізінде оқуға түскен. Түлектерінің 14-і «Алтын белгі», 8-і «Үздік аттестат» иегері атанған. Дианара әрі табанды педагог. «Заңнамадағы қарамақайшылық салдарынан куратор штаты Ұлттық білім беру дерекқорына және Ұлттық біліктілік тестілеу базасына енгізілмей қалғанын айтып, ұжым болып дабыл қақтық. С. Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей әкімшілігі педагогикалық ұжым атынан кураторлардың еңбегі еленбейтінін, жалақы аздығын баяндап, бұрынғы Білім және ғылым министрлігіне бірнеше мәрте хат жазды. Осы мәселені қаузап, егжей-тегжейлі зерттеуге, бастама көтеруге өз үлесімді қостым, әріптестермен тізе қосып, ұсыныс-пікір жолдадық. Одан кейін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов онлайн конференцияда ұжым хатын оқып, шара қабылдайтынын мәлімдеді. Соның нәтижесінде былтыр куратор штатын Ұлттық білім беру дерекқорына енгізді. Министр ауысқаннан кейін осы істің аяқсыз қалмауын тілеудемін. Енді Ұлттық біліктілік тестілеу базасына енгізілсе деймін. Әйтпесе,  бүгінге дейін тиісті біліктілік дәрежесін ала алмай, аз жалақыға жұмыс істеп жүрміз», – дейді педагог.

Дианара – еңбек  жемісін көріп жүрген білікті мамандардың бірі. 2020 жылы облыстық білім басқармасы басшысы А. Мыңбаеваның Құрмет грамотасын, 2022 жылы ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Н. Оспанованың алғысхатын иеленген. Сынып – кеме, куратор – командир. Талапшылдық, табандылық, тәртіп – ұлағатты ұстазға тән асыл қасиеттер. «Ең бастысы, оқуда үздік болып, білім биігіне көтерілген шәкірттердің құлшынысы мен ата-ананың қолдауы – мен үшін ең қымбат құндылық», – дейді ол.

Жарқын жүзді жетекшілер аман болсын!

Нұрлан Ғаппар

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале