17.10.2026, 10:30
Оқылды: 65

ҚР ЭТРМ: Ескі автокөліктерді кәдеге жарату бағдарламасы әзірге басталған жоқ

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, бұқаралық ақпарат құралдарында тараған ескі автокөліктерді кәдеге жаратуға қабылдау әзірге басталған жоқ.

қала2

Бұған дейін кейбір ақпарат көздерінде азаматтардың ескі көліктерін өткізіп, жаңа көлік сатып алуға жеңілдік сертификаттарын ала алатыны туралы хабарлар тараған болатын. Ведомство бұл қате түсінікті жоққа шығарып, 2026 жылғы 6 қазандағы № 252 бұйрықтың бекітілуі тек сертификат беру мен оларды пайдаланудың құқықтық тетіктері мен қағидаларын ғана айқындайтынын атап өтті. Аталған құжат 25 қазаннан бастап күшіне енгенімен, бұл көліктерді қабылдаудың ресми басталғанын білдірмейді.

Қазіргі уақытта «Жасыл даму» АҚ ескі көліктерді қабылдап, кейіннен кәдеге жарататын қайта өңдеуші кәсіпорындарды іріктеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Барлық рәсім аяқталып, тиісті шарттар жасалған соң министрлік пен «Жасыл даму» АҚ ресми ресурстарында бағдарламаның іске қосылу мерзімі мен қабылдау пункттерінің мекенжайлары қосымша жарияланады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале