4.10.2021, 12:05
Оқылды: 80

Күш атасын танымас

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен 28-30 қыркүйек күндері Орал қаласындағы «Жастар» стадионында қол күресінен ерлер мен әйелдер арасында облыстық чемпионат өтті. Чемпионаттың мақсаты – қол күресін дамыту, спортшылардың шеберлігін шыңдау.

71B70FF6-2375-4EDD-BCF2-A84CF727D9A4

Жарыста 7 топқа бөлініп, 70-ке жуық спортшы бақ сынады.

Ерлер арасында 55 келі салмақ дәрежесінде 1-орынға Мұратбек Аманов (Орал қаласы), 2-орынға Айдар Құдайберген (Орал қаласы), 3-орынға Оралбек Қошқарбаев (Тасқала ауданы), 60 келі салмақ дәрежесінде

1-орынға Ержан Ерболат (Қаратөбе ауданы), 2-орынға Әліби Төлегенов (Орал қаласы), 3-орынға Әлімжан Қадыров (Казталов ауданы), 65 келі салмақ дәрежесінде 1-орынға Раһман Айтқали (Орал қаласы), 2-орынға Айбек Меңдіқұлов (Орал қаласы), 3-орынға Шарафаддин Самиғолла (Орал қаласы), 70 келі салмақ дәрежесінде 1-орынға Ернат Елеукенов (Казталов ауданы), 2-орынға Нұрберген Ғұсманов (Орал қаласы), 3-орынға Қанат Ахметқалиев (Орал қаласы) қол жеткізсе, 75 келі салмақ дәрежесінде 1-орынды Бауыржан Бақыт (Орал қаласы), 2-орынды Рашид Әділбеков (Орал қаласы), 3-орынды Бөкенбай Нұршатұлы (Қаратөбе ауданы), 80 келі салмақ дәрежесінде 1-орынды Амангелді Қайыров (Казталов ауданы), 2-орынды Ринат Камен (Орал қаласы), 3-орынды Ерсұлтан Талғатов (Сырым ауданы), 80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде 1-орынды Рахат Қабилов (Орал қаласы), 2-орынды Евгений Курдюков (Орал қаласы), 3-орынды Жасұлан Нұғманов (Тасқала ауданы) иеленді.

Әйелдер арасында 50 келі салмақ дәрежесінде 1-орынды Рысгүл Русланбекова (Орал қаласы), 2-орынды Айгүл Орынбасарова (Қаратөбе ауданы), 3-орынды Перизат Жақып (Тасқала ауданы), 60 келі салмақ дәрежесінде 1-орынды Дана Асанова (Орал қаласы), 2-орынды Айдана Әлжан (Орал қаласы), 3-орынды Аяулым Құрашева (Орал қаласы), 65 келі салмақ дәрежесінде 1-орынды Көркем Сырым (Орал қаласы), 2-орынды Мираида Русланбекова (Орал қаласы), 3-орынды Анеля Әлмұхамбетова (Орал қаласы) жеңіп алса, 70 келі салмақ дәрежесінде 1-орын Меруерт Байниязоваға (Орал қаласы), 2-орын Мөлдір Аманжоловаға (Орал қаласы), 3-орын Лунара Серікке (Орал қаласы), 80 келі салмақ дәрежесінде 1-орын Айым Абылхатқа (Орал қаласы), 2-орын Лилия Сәрсенбиеваға (Орал қаласы), 3-орын Юстина Сергуноваға (Бәйтерек ауданы), 80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде 1-орын Альбина Қалиға (Орал қаласы), 2-орын Роза Варданянға (Бәйтерек ауданы), 3-орын Анастасия Ягодкинаға (Бәйтерек ауданы) бұйырды.

Жеңімпаздар дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 Марлен Ғилымхан,

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале