25.08.2021, 15:50
Оқылды: 142

«Қызмет» көмек көрсетті

Мектепте дәстүрлі оқытудың басталуы балдырғандар үшін айрықша қуанышты жайт. Осы орайда бастауыш кәсіподақ ұйымының көпбалалы отбасыларын қолдау мақсатында «Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағы дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясын жыл сайын белсенді түрде өткізуде.

index4
2021 жылдың 24 тамыз күні «Қызмет» облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы Серік Сүлеймен карантин шараларын сақтай отырып, 11 бастауыш кәсіподақ ұйымдарының көпбалалы ата-аналарымен кездесті.
Кездесу барысында төраға 19 кәсіподақ мүшесінің балаларына мектепке қажет оқу құрал-жабдықтарын табыстай отырып, ата-аналарға, балаларға жақсы жетістіктер, жаңа оқу жылына сәттіліктер тіледі.

БҚО Кәсіподақтар орталығы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале