Маңғыстау облысында болған қайғылы оқиғадан аман қалған атыраулық 19 жастағы Бекет Қуандық өз күшімен жағаға жүзіп шыққан. Бұл туралы сарбаздың ата-анасы айтты, деп хабарлайды qazaqparat_kz.

Фото: QazAqparat_kz
Бекет Қуандықтың ата-анасы осы жағдайды естігеннен кейін Ақтау қаласына жолға шығып, ұлымен кездескен. Сарбаздың жағдайы жақсы, өзі жүріп-тұра алады.
— Балам дін аман. Мұндайды көру ешкімнің басына бермесін. Ауруханаға жатпаған. Өз күшімен жағаға жетті. Қалғаны тексеріс барысы біткен соң айтылатын болар, — деп жазды Бекеттің анасы.
Бекет Қуандық — Атырау облысына қарасты Махамбет ауданының тұрғыны. Ол былтыр қазан айында мерзімді әскери қызметке шақырылған.
— Қазақстан халқы үшін бұл өте қиын жағдай. Сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Ешкімнің басына бермесін. Көз жұмған балалардың жақындарына көңіл айтамын, — деді ол.