4.08.2026, 21:00
Оқылды: 5

Оксфорд, Кембридж және Гарвард шахматшылары Алматыда бас қосты

Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматыда шахматтан екі бірдей ірі халықаралық жарыс жалауын көтерді: FIDE World University Team Chess Championship финалы және Қазақстан мен әлемнің жасөспірімдер құрамалары арасындағы матч.

richtext_content

Фото: kazchess.kz

Оңтүстік астанада 4-9 тамыз аралығында әлемнің 16 университетінің, соның ішінде Оксфорд, Кембридж және Гарвард командалары өнер көрсетеді.

​Жиынға қатысқан Премьер-Министрдің орынбасары, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Әбдірахим бұл айтулы оқиғаның еліміздің халықаралық аренадағы беделін арттырудағы, шахмат білімін дамытудағы және жастар арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы стратегиялық маңызын атап өтті.

richtext_content (1)

​Сондай-ақ 4-5 тамыз аралығында өткізілетін 8-18 жас аралығындағы жасөспірімдер арасындағы матчтың жалпы жүлде қоры 15 миллион теңгені құрайды.

richtext_content (3)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале