21.11.2026, 12:00
Оқылды: 23

Оқушылар тауып алған 300 мың теңгеге жуық ақшаны полицияға тапсырды

Адалдық — бала бойына сіңген тәрбиенің ең көркем көрінісі. Мұны Атырау облысы Нұрсая ықшамауданындағы бір топ оқушы ісімен дәлелдеді., деп хабарлайды polisia.kz. 

жп ақша (10)

Фото: zhaikpress.kz

Нұрсая ықшам ауданында патрульдеу кезінде патрульдік полиция батальонының қызметкерлеріне бір топ оқушы жақындап, көшеден 300 мың теңгеге жуық ақшасы бар әмиян тауып алғанын айтқан. Балалар табылған қаражатты заңды иесіне қайтару мақсатында полицияға жүгінген.

Полицейлер жедел түрде әмиян иесін анықтап, жоғалған ақшаны иесіне табыстады.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале